Мұрат Әбенов, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы үйлестіру кеңесінің төрағасы

Мұрат Әбенов, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы үйлестіру кеңесінің төрағасы: «Ешбір маман жұмыссыз қалмайды»

– Мұрат Абдуламитұлы, біздің өңірге қош келіпсіз. Іссапарыңыздың мақсатынан хабардармыз. Ол — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасын насихаттау. Осы ретте жобаның талаптары туралы бүге-шүгесіне дейін білсек дейміз. Талаптар, ережелерінде өзгеріс бар ма?

– Мен еліміздің көп жерінде жиі іссапармен жүремін. Мақсат – жобаны насихаттау. Халық тарапынан ««Серпін-2050» жобасының негізі неде?» деген сауал жиі қойылады. Сондықтан да алдымен жобаның негізіне тоқталып өтсем. Алдымен экономикалық тұрғыда айтар болсам, елімізде завод-фабиркалардың саны артып келеді. Әрине, ел экономикасының дамуына олардың қосар үлесі зор. Бірақ, онда жұмыс істейтін білікті маман болмаса, өндіріс орындарының пайдасы қанша? Соңғы статистикалық мәліметке сүйенер болсақ, республиканың 8 облысында кей мектептер мен балабақшалар бос тұр. Мәселен, бір ғана Шығыс Қазақстан облысында бұрындары 10 мың бала білім алса, қазір олардың саны 7 мыңға әзер жетеді. Себеп – белгілі. Халық саны азайып барады. Бұл өңірлерде жұмыс көзі болғанымен, еңбек күші тапшы. Ары қарай оқыңыз