Оңтүстікте діни тұрақтылық сақталған

Оңтүстікте діни тұрақтылық сақталған

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін – бірлікке бағыттайды» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Қамту аясы облыстық деп көрсетілгенімен, жиынға жергілікті дін өкілдерімен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен оның орынбасары, найб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы да қатысты.

Ары қарай оқыңыз

Балық өсіру қолға алынады

Жылына әрбір қазақстандық 14 келі балық өнімін тұтынуы тиіс. Бірақ статистика бойынша өңірдегі тұрғындар балықты 4 келі ғана тұтынады екен. Жерлестеріміздің пайдалы асты тұрақты тұтынбауына не себеп? Бұған себеп, өлкемізде балық шаруашылығы кенжелеп қалған. Десек те, облысымызда балық шаруашылығының дамуына мол мүмкіндік бар. Мұны мамандар айтып та, дәлелдеп те жүр. Дәл осы саланы дамытамын дегендерге қолдау да көрсетіледі. Арнайы шақыртылған тәжірибелі мамандар білгенін үйретуге көшті. Балхаштан келген ихтиолог Елена Данько өлкедегі шағын су қоймаларын жерсіндіру және ондағы балық өнімін арттырудың жаңа тәсілдерін түсіндірді. Ары қарай оқыңыз