Сая ҚАСЫМБЕК, драматург: Қаламгер мен қоғам екі дара өмір сүрмеуі керек

Сая Қасымбек

фото © Әйгерім Бегімбет

Жақында Ж.Шанин атындағы  академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбек Астанаға барып қайтты. Астаналық көрерменнің ықыласына бөленді. Елордадағы Жастар театры драматургтың «Лифт» пьесасын қойып, баршаны бір серпілтті. Өмірге, өнерге құштарлықты өзінен үйренуге болатын Азаматтың көкейіндегі ойы мен көңіліне түйгенін оқырманға жеткізген абзал деп ұқтым. Республикалық, жергілікті баспасөз беттерінде Астанадағы қойылым туралы аз жазылып жатқан жоқ. Дегенмен, бұл сұхбаттың да сізге, оқырман, берері бар.

— Сая ханым, біріншіден өзіңізбен қауышқаныма, Сіздің Елордадан көңіліңіз толып оралғаныңызға қуанышты екенімді білдіргім келеді. Астаналық театр туындыңызды сахналайық деп, өздері ұсыныс жасады ма?
— Астана Жастар театрында «Наурыз Ару» деген ертегімнің жүріп жатқанына екі жыл болды. Көптен бері жанымды мазалап жүрген «Тексіздер» деген пьесамды жазып біткенім сол еді, Жастар театрының әдебиет бөлім меңгерушісі Назерке Жұмабай телефон шалып, Ары қарай оқыңыз