Қоңыртөбел тіршілікті көркем еткен қаламгер

__yzyl-topymen«Жақсыда жаттық болмайды» дегенді атам қазақ текке айтпаса керек.

Тіршілікте жүздеспесе де — тілдесу арқылы туыс көңілге ұштасып кететін жандар болады. Марал аға Хасенов — мен үшін соңғы жандардың қатарынан. Дөңгеленген дүниеде адамдар сан-қилы жолмен танысып, табысып жатады. Менің Марал ағамен таныстығым, қилы жолдардың «алыстан орағытқан тұсы» — қаламгерлерге тән «бейтанысты – танысыңа айналдыратын» шығармашылық арқылы басталды. Ары қарай оқыңыз

Сая ҚАСЫМБЕК, драматург: Қаламгер мен қоғам екі дара өмір сүрмеуі керек

Сая Қасымбек

фото © Әйгерім Бегімбет

Жақында Ж.Шанин атындағы  академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбек Астанаға барып қайтты. Астаналық көрерменнің ықыласына бөленді. Елордадағы Жастар театры драматургтың «Лифт» пьесасын қойып, баршаны бір серпілтті. Өмірге, өнерге құштарлықты өзінен үйренуге болатын Азаматтың көкейіндегі ойы мен көңіліне түйгенін оқырманға жеткізген абзал деп ұқтым. Республикалық, жергілікті баспасөз беттерінде Астанадағы қойылым туралы аз жазылып жатқан жоқ. Дегенмен, бұл сұхбаттың да сізге, оқырман, берері бар.

— Сая ханым, біріншіден өзіңізбен қауышқаныма, Сіздің Елордадан көңіліңіз толып оралғаныңызға қуанышты екенімді білдіргім келеді. Астаналық театр туындыңызды сахналайық деп, өздері ұсыныс жасады ма?
— Астана Жастар театрында «Наурыз Ару» деген ертегімнің жүріп жатқанына екі жыл болды. Көптен бері жанымды мазалап жүрген «Тексіздер» деген пьесамды жазып біткенім сол еді, Жастар театрының әдебиет бөлім меңгерушісі Назерке Жұмабай телефон шалып, Ары қарай оқыңыз

Әйелдердің сыры ма, әлеуметтің жан айқайы ма?

Әйелдердің сыры ма, әлеуметтің жан айқайы ма?

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық театрында түркімен драматургі Б. Абдураззаковтың «Әйел сыры» пьесасын Сая Қасымбектің аударуында режиссер Қуандық Қасымов сахналанды. Спектакль әлеуметтік рух күйретер қайшылық тақырыбын жаңаша қырынан көрсетіп, ойтолғаққа салды. Жүрек түбінде сыр сақтамаған адам жоқ шығар. Бірақ, неге әйел сырына ғана көңіл бөлінген? Басқа сырлардан оның артықшылдығы, ауыртпалығы неде? Оны сақтау, жасыру қажет пе немесе жария қылу орынды ма? Әйел жанын жарақаттан сақтау амалы қандай? деген сұрақтар қойылып, шешімін табуға ой тастайтын спектакльден алған әсер жайлы ой бөліссек. Ары қарай оқыңыз