Ағын судан тапшылық болуы мүмкін

IMG_2483

Биыл қыстың жылы болғанына дихандар алаңдаулы. Қара жерде бір күн болса да қардың жатпауы мен жаңбырдың болмағанынан егістің жайы не болады екен деген күдігі басым. Оның үстіне, өткен жылы көктемде ауа-райы күрт суып, біразын шығынға батырғаны тағы бар. Осыларға қарамастан несібесін жерден тауып отырған шаруалар тәуекелге бел буып, көктемгі егіс даласына дайындықты бастап жіберді. Алайда, мүлдем дымқылы жоқ егістік алқабына еккен өнімнің жайы қалай болатындығын өздері де білмей әлек. Екіншіден, егіс алқабын суғаратын судың тапшылығы биыл қатты сезілуде екен.  Мақтарал ауданына барған сапарымызда осы жайттарға куә болып қайттық. Дала жұмыстарын бастаған шаруалардың дәл бүгінгі тыныс-тіршілігінен әңгіме тарқатсақ.  Ары қарай оқыңыз

Жақсы аудан, бірақ газы мен суы жоқ

Жыл басында жер-жердегі әкімдердің өткен жылы атқарған шаруасын түгендеп, халық алдында есеп береді. Солардың қатарында Сарыағаш ауданының әкімі Бұхарбай Парманов та бар. Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов қатысқан жиында Парманов пен оның командасы қой жылында нендей іс тындырғанын баяндады. Жергілікті жұртшылық көңілі толатынын айтып, «жақсы» деген бағасын берді. Бірақ… Алдымен, сандарды судыратып жақсы жаңалықтарынан басталық… Ары қарай оқыңыз

Қазақстан картасына енбеген қазақ ауылы

Sequence 05.Still064Сарыағаш ауданындағы шекаралы аумақта орналасқан Бағыс ауылының тұрғындары өздерінің қиын жағдайын айтып, редакциямызға хабарласты.
Айтуларынша ауыл жері 14 жылдан бері  Қазақстан картасына енгізілмей келеді. Салдарынан тұрып жатқан үйлерінің де заңды құжаттары болмай, бірқатар қиындықтар туғызуда екен. Жұрттың жағдайын білу үшін ауыл тұрғындарымен тілдесіп қайттық. Бағыстықтар ауылдағы ескі мектепке жиналды. Белгілі болғаны,  бүгінде елдімекенде  205 тұрғын үй бар болса, соның 17 –сі ғана Қазығұрт ауданына тіркеліпті. Өзге баспаналар Қазақстан аумағында заңды тіркелмеген. Ары қарай оқыңыз