Іскерлігімен мәлім Сарыағаш

4-saryagash-kopiya

Елбасының жолдауында айтылғандай, «кәсіп ашамын, өз ісімді бастаймын» деген азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Сондықтан да Оңтүстік өңірінде осы саладан нәпақасын табуға ниеттенген азаматтарға бүгінде айтарлықтай жағдай жасалған. Облыс орталығы Шымкенттен бөлек әрбір ауданда кәсіпкерлік мектебі, кәсіпкерлер палатасының филиалдары, кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтары жұмысын бастады. Ондағы мамандар ісін енді бастаған азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар негізінде жеңілдіктер алуға көмектеседі. Ары қарай оқыңыз

Сөмкесінде кітап, қалтасында пышақ

Сөмкесінде кітап, қалтасында пышақ

Өткен аптада Сарыағаш ауданында жасөспірімдер арасында болған жаппай төбелестен 10 сынып оқушысы Оралбектің қаза болуы жұрттың жағасын ұстатты. Оны пышақтап өлтірген 11 сыныптың оқушысы темір торға жабылды. Соңғы кезде мұндай жаңалықтарды жиі еститін болдық. Құлағымыз да үйреніп қалғандай. Себебі, қазіргі жеткіншектер қатыгезденіп барады. Бір-бірінен ақша бопсалап, бермесе суық қарумен қорқытады. Оның соңы көпшілігінде қайғылы жағдайлармен аяқталып жататынын білеміз. Сонымен жасы кәмелетке толмағандар қылмысқа не себепті барады? Бесіктен белі шықпай жатып, неге адам өлтіреді? Бұл сауалдар ата-аналардың бас ауыртар басты мәселесіне айналып отыр. Ары қарай оқыңыз

«Қапланбек» шарап зауыты неге тоқтап қалды?

«Қапланбек» шарап зауыты неге тоқтап қалды?

Кезінде жылына 20 мың тонна жүзім сұрыпын өңдеп, танымал шарап түрлерін шығарған «Қапланбек» шарап зауытының қазіргі жағдайы мәз емес. Кеңес заманынан тоқырап қалған зауыт жекенің меншігіне өткенімен, өндірістің аяқ алысы алысқа бармай-ақ қойды. «Қапланбек», «Жібек жолы», «Ркацители», «Тамада», «Талас», «Портвейн», «Кагор», «Саперави», «Херис» — мұның бәрі аталмыш зауыттың жаңадан шығарған шараптары. Бұлардың әрқайсысының сапасы шетелдік өнімдерден кем емес. Оларға деген сұраныс та жоғары. Десек те, қазіргі кезде шарап зауытының жұмысы тоқтап тұр. Ары қарай оқыңыз

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 25 мыңнан асқан

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 25 мыңнан асқан

Облысымызда ауылшаруашылығы саласын дұрыс жолға қоя білген өңірлердің бірі – Сарыағаш ауданы. Аталмыш аудан жер қойнауынан шығатын шипалы минералды суы мен сауықтыру орталықтарымен елге танылған. Бұдан бөлек, көкөніс пен бау-бақша өсіруге бейім өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып қайту үшін, арнайы ат басын бұрған едік.

Ары қарай оқыңыз