Баспана бас ауруға айналды

Баспана бас ауруға айналды

Сайрам ауданына қарасты Ынтымақ ауылының тұрғыны Мөлдір Тұяқова отбасымен әркімнің баспанасын уақытша паналаумен келген. Төрт баланың анасы жуырда бос тұрған дүкенге қоныстаныпты. Алайда үш күн бойы толассыз жауған жаңбыр бұл ғимаратты апатты күйге жеткізіп, бір қабырғасы құлап қалған. Дәрменсіздің күйін кешкен отбасы енді далада қалды. Шиттей бала-шағасымен қайда барарын білмейтін келіншек тағдырына ашынып, жұрттан көмек сұрауға мәжбүр. Ары қарай оқыңыз

Оразбек Романқұлов

Велосипедпен жүретін қария

63 жастағы Оразбек Романқұловтың 20 жылдан бері айнымас серігі — велосипед. Сайрам ауданында тұратын ел ағасы күн сайын жұмысына тек велосипедпен қатынайды. Ол ертеден кешке дейін 40 шақырымнан аса жолды жүріп өтеді екен. Ауыл арасында «велосипеді бар ата» атанып кеткен қарияның асқа тәбеті жақсы, денсаулығы мықты, көңілі сергек. Анда-санда суық тиіп қалатыны болмаса, ауру-сырқат мазаламайтын көрінеді.

Ары қарай оқыңыз

Сәуірбай Қапанов

Ер есімі – ел есінде

Сәуірбай Қапанов 1922 жылы Сайрам ауданы, Қызылқыстау ауылында дүниеге келген. Отбасының үлкені. 1941 жылдың тамыз айында соғысқа шақырылып. 1945 жылы соғыстан екі балдақпен оралған. Калиниский фронтында немістермен шайқас кезінде үш рет жарақат алған. Солардың ішінде 1941 жылдың желтоқсан айында алған жарақаты ауыр болды. Ары қарай оқыңыз