Жаңа жылға теледидар сыйлады

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік сый жасады. Зауыт ұжымы қаламыздағы бірнеше мекемеге барып, ондағы жұртшылыққа түрлі тұрмыстық техникалар сыйлады.
Ең әуелі компания өкілдері Қарабастау аумағындағы №99 мектеп гимназияға барды. Мектепте қазір 1646 оқушы білім алады. Олар бұл оқу орнының спорттан, өнерден, оқудан үздік болған 40 оқушысына арнайы жаңа жылдық сыйлықтар тапсырды. Сондай-ақ мектеп ұжымына соңғы үлгідегі музыкалық құрылғы мен ноутбуктар табыстады. Іс-шараға оқушылармен бірге ауыл ақсақалдары мен ата-аналар да жиналған. Олар әр мереке сайын қуанышты көңіл күй сыйлайтын компанияның ұжымына алғыстарын жеткізді. Ары қарай оқыңыз

Жаңғырту жұмыстарының II кезеңі басталды

Биыл «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту және реконструкциялау жобасы аса қарқынды жүргізіліп, талай шаруа тындырылды. Көктемнен бері цехаралық эстакадалардың монтаждау жұмыстары орындалып, барлық металл құрылымдары салынып бітті. Енді құбыр желілері жүргізіліп жатыр. Факель шаруашылығының негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын. Трансформатор подстанциясының құрылысы жүргізілуде. Зауытқа электр қуатын жіберу желісінің де құрылысы 50 пайызға аяқталып, қазір қарқынды түрде жалғасуда. Ары қарай оқыңыз