Зейнетақы өседі

25-008-350x238

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты аухалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа арнаған Жолдауында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын Ұлттық банктің бақылауынан шығару керектігін айтты. «2016 жылы зейнетақы активтері жеке қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың басқаруына берілуі тиіс» деген Елбасы зейнетақы қаржыларын инвестициялауға көзқарастарды қайта қарау қажеттілігіне назар аударды. Демек, бір жыл бұрын ондаған жеке зейнетақы жинақтау қорларындағы салымдарды өз қолына жинаған билік, соны енді қайтадан жекенің басқаруына беретін сыңайы бар. Мұны Үкіметтің алдағы шешімдері көрсетеді. Әзірге келесі жылы зейнетақы төлемдері не күтіп тұрғанынан хабардар етейік…
Еске салсақ, өткен жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев «ҚР зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Соған сәйкес еліміздің зейнетақы жүйесі реформаға ұшырайды. Ары қарай оқыңыз