Инновацияны жатсынбаған аудан

Инновацияны жатсынбаған аудан

117 мыңға жуық тұрғыны бар Ордабасы — өнеркәсібі дамыған әрі ауыл шаруашылығына бейім аудан. Сондықтан да болар, биыл аудан инновациялық жобаларды жүзеге асыруда үздік деп танылды. Тамшылатып суғару әдісін ендіруден екінші, жылыжай саласын дамытудан үшінші орын иеленді. Бұдан бөлек, асыл тұқымды мал басын көбейткен «Сералы» ШҚ, республикаға белгілі «Ордабасы құс» күркетауық фабрикасы, экспортқа ұн шығаратын «Ордабасы нан» ЖШС, елімізге танымал «Аделя» шаруашылығына қарасты жылыжай кешенінің қарқынды жұмыстарын атап өтуге болады. Ордабасы ауданында атқаралып жатқан өзге де игі істер жөнінде арнайы іссапарда танысып қайтқан едік. Ары қарай оқыңыз

Мұрат ТАҒАЕВ, кәсіпкер

Мұрат ТАҒАЕВ, кәсіпкер: «Бұл өмірде бақыт пен берекенің кілті – адал еңбекте…»

Бұл тәкаппар дүние оған оңынан бұрылып қарағандай. Жаратқан жар болып, өмір нәрін сыйлады. Аға-бауырдан, туған-туыстан кенде қылған жоқ. Ержетті, оқыды, білді. Өз күшімен тыраштанып еңбек қылды. Отбасын құрды. Артында қаулап ұрпағы өсіп келеді. Мансап қумады. Бірақ қайда жүрсе де қызу жұмыс, алапат еңбек оны өзі іздеп тұрды. Шүкір дейді, бәрі бар онда. Бедел де, бақыт та. Ары қарай оқыңыз