Жаңабай АҒАБЕКОВ: Сөзбен емес, іспен  жүргім келеді

00320 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті Мәслихаттарын депутаттарын сайлау өткен болатын. Алтыншы шақырымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәслихатына бес жыл мерзімге 50 депутат сайланды. Депутаттардың барлығы білімі жоғары, арасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүше — корреспонденті, 2 ғылым кандидаты бар. Депутаттық корпустың орташа жасы 52,5. Ең жас депутат 30 жаста, ол Сайрам ауданындағы №31 сайлау округінен сайланған Мадияр Мұхтарұлы Оразәлиев. Жалғыз әйел депутат — Шымкент қаласындағы №9 сайлау округі тұрғындары лайықты деп таныған Рәшкүл Оспаналиева. Депутаттардың партиялық құрамына тоқталсақ, 48 депутат «НұрОтан» партиясының мүшесі болса, екеуі «Ақ жол» партиясынан ұсынылған. Айта кететін жайт, 37 депутат алдын да облыстық Мәслихаттың депутаты болып сайланған, олардың ішінде отыз төрті — V шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаттары. 

Халық қалаулыларының 38-і кәсіпкерлікпен айналысса, сегізі білім, денсаулық, спорт саласында қызмет етеді. Екеуі қоғамдық бірлестікті басқарады және бір депутат БАҚ басшысы. Оңтүстік өңірінде Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуын, облыстың дамуына бағытталған жоспарлар мен Ары қарай оқыңыз