Ағаш көшеттерін неліктен қыста отырғызады?

Бағдарламаның мақсаты — қараусыз қалған шатқалдарды халық демалатын саябаққа айналдыру. Мұндай сай-салалар негізінен қаланың сыртқы аумағында көптеп кездеседі. Осы ретте қаланың дамуы кенжелеп қалған шеткі аудандарын аталған бағдарлама аясында абаттандырып, саябаққа айналдыру жұмыстары басталып кетті. Бұл өз кезінде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілетін Шымкенттің тұрғындары үшін өте ыңғайлы болмақ. Саябақта серуендеп қана қоймай, мәдени кештер ұйымдастырылып, ашық аспан астындағы амфитеатр қойылады. Ары қарай оқыңыз

Ерте жүктілікке кім кінәлі?

rannyaj-podrostkovoaya-beremennost1«Қызға қырық үйден тыйым» дейді қазақ. Бірақ соңғы кездері кәмелетке толмай ана атанушылар қатары артып отыр. Сондықтан болар «нәрестелерін қоқыс жәшігіне не көпқабатты үйлердің кіреберісіне тастап кетті» деген жаңалықтарды жиі еститін болдық. Жыл басынан бері Шымкентте 5 оқушы қыздың жүкті болуы тіркелген. Мұндай жағдайлардың белең алуына не себеп немесе кім кінәлі? Ары қарай оқыңыз

Оңтүстіктің ономастика мәселелеріне арналған конференция

onamastikaОномастика ғылымы мемлекеттік саясаттың бір бағытына айналды бүгінде. Кеңес кезеңінде комунист көкелердің аттары кез-келген көшеге берілген-тін. Осы қып-қызыл атаулардан арылу Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолға алынып, бүгінгі күні бәрі болмаса да түгелге жуық дерлік қазақыланып қалдық. Қазақтың аса көрнекті тұлғаларының, әсіресе Алаш көсемдерінің есімдері ортамызға оралды… Ономастиканың қызметі тек қана көшеге атау берумен шектелмесе керек. Белгілі бір заңдылықтарға бағынатын саланың кем-кетігін түзеу әлі де болса күн тәртібінен түскен жоқ. Жуырда облыс орталығында «Оңтүстік өңірдегі ономастика мәселелері» атты аймақтық конференция өткен болатын. Ары қарай оқыңыз

Қаңтар-ақпандағы көктем

Бадам ағашының гүлі

Биыл Оңтүстікте қытымыр қыстың ызғары сезілмеді. Әдетте қаңтар-ақпанда алай-дүлей мінез көрсететін табиғат мешін жылында тосын мінезін танытты. Қыс бойы аймақта көк шөп жайқалып өсіп, адам танымастай өзгерді. Ерекше құбылысқа жергілікті тұрғындардың өзі таңданыс білдірді. Қыстың ортасында өңірімізде ауа температурасы 14°С — қа дейін жылынды. Сондықтан болар, ағаштар бүршік жарып, өсімдіктер гүлдеді. Бұл табиғат-ананың ерте оянуын білдіре ме, әлде әлемдік жылынудың лебі бізден басталғандай ма, деген ойда қалдық. Дегенмен, көктемнің ерте келуін жақсылыққа жорығымыз келді. Ары қарай оқыңыз