Тоқыма өнеркәсібінің әлеуетін байқатқан MACHTEX-2016 көрмесі

img_4554

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық тауарларды өндіретін жаңа өндіріс орындарын ашып, Қазақстан өнеркәсібін дамытуды, осы арқылы жаңа жұмыс орындарын құруды тапсырған болатын. Бұл міндеттерге дағдарыс кезінде қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және оларды төмен бағамен сату туралы мәселені шешу де кіреді. «Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады», -деді Елбасы Н. Назарбаев биылғы Жолдауында.

Оңтүстік өңірде осы бағытта атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Оңтүстік экономикалық аймақта өз кәсібін бастаған өндіріс орындары әлемді мойындатып үлгерді. Шымкент қаласында өткен «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар – MACHTEX-2016» II қазақстандық халықаралық көрмесі мен форумы бұған дәлел бола алады. Бір айта кетерлігі, «MACHTEX-2016» көрмесі тоқыма өнеркәсібіне арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған іс-шара болып табылады. Өңірде көрме екінші жыл өтті. Көрмеге елімізде және өңірімізде тоқыма саласын дамытуға атсалысып жүрген отандық өндіріс орындары қатысты. Ары қарай оқыңыз

Үш ауысымды мектептердің мәселесі қашан шешіледі?

IMG_6763

Білім саласында әлі де күрмеуі шешілмеген мәселе көп. Солардың негізгісі — апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын мектептердің хал-ахуалы. Тозығы жетіп, қабырғасы сөгілген, шатырынан су өтіп, көгерген тар бөлмелер, асхана, мәжіліс және спорт залдарының жоқтығы сияқты қиындықтарды бастан кешіп жатқан білім ордалары өңірімізде аз емес. Дәл бүгінде облыста 16 апатты жағдайдағы және 22-ден астам үш ауысымда оқытатын мектеп бар. Ары қарай оқыңыз

Тарихта Оңтүстiктiң орны бар бiр ерекше

Тарихта Оңтүстiктiң орны бар бiр ерекше

Ежелгi дәуiрден бастап күнi бүгiнге дейiнгi қазақ халқына қатысты айтулы даталарға айналған, көне жазбаларға түскен қандай да бiр тарихи уақиғалар мен деректердi алсаңыз да, бәрiнiң оңтүстiк өлкесiмен тығыз байланыста екенiн байқайсыз. Кәрi тарихқа ден қойсақ, осыдан 21-23 ғасыр бұрын осы күнгi қазақтардың алғашқы мемлекеттiлiгiнiң негiзiн құрған Үйсiн, Қаңлы, Алазон (Алшын), Аримаспи, Массагет жұрттарының басым бөлігі қазіргі Қазақстан- ның шартты түрде оңтүстік өлкесі деп аталатын Алматы, Жамбыл, Қызылордаоблыстарының аумағын жайлаған.   Ары қарай оқыңыз