Жас химиктердің ордасы

Жас химиктердің ордасы

2009 жылдан бері елімізде Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылып, білім бере бастады. Елбасы тапсырмасына сәйкес биылғы жылдың аяғына дейін барлық өңірлерде жиырма Назарбаев Зияткерлік мектептері бой көтеруі тиіс. Ал күнгейде осындай екі бірдей мектеп бар. Солардың бірі — «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан химия-биология бағытындағы мектеп. Ашылғанына әлі көп уақыт өте қоймаса да озық мектеп республикалық, халықаралық деңгейде танылып үлгерді. Бүгінде білім ұясының басты мақтанышы — шәкірттері. Себебі, дарынды балаларға берілетін кешенді оқу мен тәрбие негіздері жан-жақты ойластырылған. Сондай-ақ білім ордасының оқушылары түрлі халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып, оңтүстіктің мерейін үстем етіп келеді. Биылғы мектеп түлектері де емтихандарда оза шауып, білім ошағының абыройын асқақтатты.

Ары қарай оқыңыз

22 жаңа мектеп ашылды

22 жаңа мектеп ашылды

Кеше еліміздегі барлық білім ошақтарында алғашқы қоңырау соғылды. Білім беру ісіне жауапты мамандардың мәліметінше, биыл елімізде 7500 мектепте 2 600,0 мыңнан астам оқушы білім алады. Олардың 336 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Оның 70 мыңнан астамы күнгейлік оқушылар.

Ары қарай оқыңыз

«Мектептер оқу жылына дайын»

Бас педагог: «Мектептер оқу жылына дайын»

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бүгінде барлық ата-ана баласын мектепке дайындап қойған да болар. Ал, облыстың білім беру ордалары оқушыларға есігін айқара ашып, оларды қарсы алуға дайын ба? Биыл облыста қанша мектеп пайдалануға беріледі? Қаншасы жөндеуден өтті. Құрылысы аяқталмаған білім ордалары бар ма? Үш ауысымда білім беретін мектеп мәселесі қашан шешіледі? Бізді қызықтырған осы сауалдар еді. Ары қарай оқыңыз