ОҚО бюджеті — 602 млрд теңге

2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау бойынша облыстық бюджеттің көлемі республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің есебінен 484,5 млн теңгеге ұлғайды.

Жұқпалы аурулар, созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі бар науқастарды емдеу тәсіліне өзгерістер енгізілуіне байланысты дәрімен қамтамасыз ету үшін, халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен, балаларға арналған емдік тағамдардың арнаулы өнімдерімен қамтамасыз етуге қосымша 66,5 млн теңге бағытталды. Ары қарай оқыңыз