“Ортақ валюта шығару әзірге жоспарда жоқ…»

b3fc1b3eb1eb019c1f84b394575ca103_XL«Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта шығару әзірге күн тәртібіне қойылмады. Одан еш қорқудың қажеті жоқ». Бұл сөздерді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев республикалық телеарналардың тілшілеріне берген бейресми сұхбатында айтты. «Біз Ресей рубліне тәуелдіміз. Себебі олар біздің сауда серіктесіміз. Ал ЕАЭО-ға келер болсақ, бұл туралы 1990 жылдан бері айтылып келеді. Кеңес Одағы құлағаннан кейін біздің жағдайымыз қиын болды. Жалақы төлеу үшін ақша болмады. Тіпті, теңге де әлі шығарылмаған болатын. Сол кездерде ортақ валюта болғаны рас. Ал қазір бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ», — деді Президент. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін сұхбат барысында Елбасы жылды қорытындылап, елге белгілі журналистер Бейсен Құранбек пен Ерлан Игісіновтың қойған сұрақтарына жауап берді. Ары қарай оқыңыз