Нұрлан Сейджаппаров, кәсіпкер

Нұрлан Сейджаппаров, кәсіпкер: «Асқаровтай басшыны әлі көргенім жоқ»

– Нұрлан Сейтқұлұлы, соңғы бір жылда өзіңізді қоғамдық шаралардан көрмейтін болдық. Халық кезінде елдің жанашырына айналған азаматты жоғалтып алды. Қайда жүрсіз?

– Халыққа көріне бермеуімнің өзіндік себебі де бар. Өмір болған соң түрлі жағдай орын алып тұрады. Тағдырдың жазғаны болу керек, осыдан бір жыл бұрын денсаулығым сыр беріп, инсульт алдым. Израиль еліне барып, үш ай үздіксіз ем қабылдап келдім. Осылайша Алланың қалауымен аман қалдым. Қазір емдік курс қабылдап жүрмін. Дәрігерлер жарты жылға жуық ем алу қажеттігімді ескертті. Бұйыртса, содан соң қатарға қосыламын деген ниеттемін. Ары қарай оқыңыз