Мұрат Тағаев, «Ордабасы Құс» ЖШС директоры: Күркетауық өсіру – босаңсуға жол бермейді

«Ордабасы құс» ЖШС өндіретін күркетауық етін бүгінде көршілес елдер таныды. «Дәмді ет» деген сауда белгісімен шығарылатын күркетауық етінің қаптамадағысы, ысталғаны, тіпті шұжығы дәмі тіл үйіреді. Экспортқа өнім жөнелтетін кәсіпорын әлемдік нарықта технология және сапа тұрғысынан бәсекелес болуға дайын. Мұның бәрі Тәуелсіздік алған 25 жылда төккен тер, еткен еңбектің нәтижесі. Дегенмен, табысқа жетудің жолы оңай болмаған. Бүгінгі кейіпкеріміз күркетауық саласын дамытуды қолға алған оңтүстікқазақстандық азамат — «Ордабасы құс» ЖШС директоры – Мұрат Тағаев. Құс өсіру саласының майталманы күні кеше ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алды. 500-ден астам кәсіпорын қатысқан байқауда алға шығып, жүлделі орынға ие болды. Ары қарай оқыңыз

Мұрат ТАҒАЕВ, кәсіпкер

Мұрат ТАҒАЕВ, кәсіпкер: «Бұл өмірде бақыт пен берекенің кілті – адал еңбекте…»

Бұл тәкаппар дүние оған оңынан бұрылып қарағандай. Жаратқан жар болып, өмір нәрін сыйлады. Аға-бауырдан, туған-туыстан кенде қылған жоқ. Ержетті, оқыды, білді. Өз күшімен тыраштанып еңбек қылды. Отбасын құрды. Артында қаулап ұрпағы өсіп келеді. Мансап қумады. Бірақ қайда жүрсе де қызу жұмыс, алапат еңбек оны өзі іздеп тұрды. Шүкір дейді, бәрі бар онда. Бедел де, бақыт та. Ары қарай оқыңыз