Ұлттық киімнің жаңа үлгісін жасады

 

Біздің мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі – шығармашыл жас дарындарды қолдап, әрі қарай дамуына жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатта Шымкент қалалық балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО Клубы жасөспірімдерді білгір де, білікті етіп өсірумен қатар, оларды отаншылдық, ұлтжандылық рухта тәрбиелеу барысында көптеген еңбектер атқарып келеді. Бала тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін іс-шаралардың бір «Ана – ұлт тәрбиешісі» атты аналарға арналған кеш жылда өткізіліп отырады. Бұл кеште «Аналар аманаты – әдемі өнер» тақырыбында аналарымыздың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарынан көрме ұсынылды. Мерекелік іс- шара балаларға түрлі ой салып, аналарымызға ұмытылмас әсер сыйлады. Сонымен қатар, ата-аналарға арналған «Мектеп – Ата-ана — Оқушы» тақырыбындағы жаңа форматтағы ата-аналар жиналысының апталығы. Осы апталықтың барысында өзекті мәселелер жөнінде ата-аналардан сауалнама алынып, қазіргі жас өспірімдер арасында болып жатқан келеңсіз жайттар туралы пікірлер талқыланды. Ары қарай оқыңыз