Тоқыма өнеркәсібінің әлеуетін байқатқан MACHTEX-2016 көрмесі

img_4554

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық тауарларды өндіретін жаңа өндіріс орындарын ашып, Қазақстан өнеркәсібін дамытуды, осы арқылы жаңа жұмыс орындарын құруды тапсырған болатын. Бұл міндеттерге дағдарыс кезінде қажетті тауарлармен қамтамасыз ету және оларды төмен бағамен сату туралы мәселені шешу де кіреді. «Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады», -деді Елбасы Н. Назарбаев биылғы Жолдауында.

Оңтүстік өңірде осы бағытта атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Оңтүстік экономикалық аймақта өз кәсібін бастаған өндіріс орындары әлемді мойындатып үлгерді. Шымкент қаласында өткен «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар – MACHTEX-2016» II қазақстандық халықаралық көрмесі мен форумы бұған дәлел бола алады. Бір айта кетерлігі, «MACHTEX-2016» көрмесі тоқыма өнеркәсібіне арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған іс-шара болып табылады. Өңірде көрме екінші жыл өтті. Көрмеге елімізде және өңірімізде тоқыма саласын дамытуға атсалысып жүрген отандық өндіріс орындары қатысты. Ары қарай оқыңыз