Қазақтың ұлттық мейрамы

506199476«Қыс кетіп, күн шырайы түзелген кезде тәңірідей құдай ел тіршілігіне кеңшілік әкелді деп есептеледі. …Ескі ауыртпалықтың барлығы қыспен бірге кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік есігі ашылған күн». Қыс қатты болған биылғы жыл туралы айтылғандай бұл сөздерді көп жылдар бұрын Мұхтар Әуезұлы «Сыршылдық салт өлеңдері» атты мақаласында жазған. Ұлы жазушы мақаласын былай деп бастапты: «Наурыз күншығыс халқының көбінің мейрамы болған. Солардың ішінде, әсіресе, көшпелі түркілер арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған». Ары қарай оқыңыз

Қаңтар-ақпандағы көктем

Бадам ағашының гүлі

Биыл Оңтүстікте қытымыр қыстың ызғары сезілмеді. Әдетте қаңтар-ақпанда алай-дүлей мінез көрсететін табиғат мешін жылында тосын мінезін танытты. Қыс бойы аймақта көк шөп жайқалып өсіп, адам танымастай өзгерді. Ерекше құбылысқа жергілікті тұрғындардың өзі таңданыс білдірді. Қыстың ортасында өңірімізде ауа температурасы 14°С — қа дейін жылынды. Сондықтан болар, ағаштар бүршік жарып, өсімдіктер гүлдеді. Бұл табиғат-ананың ерте оянуын білдіре ме, әлде әлемдік жылынудың лебі бізден басталғандай ма, деген ойда қалдық. Дегенмен, көктемнің ерте келуін жақсылыққа жорығымыз келді. Ары қарай оқыңыз