Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА, облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер

Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА, облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер: «Тура сөйлеу – туа біткен мінезім…»

Кезекті кейіпкеріміз – облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспанәлива. Елу депутаттың арасындағы жалғыз нәзікжанды болса да, он жылдан бері ер-азаматтармен иық тіресіп, сәйгүлігі қатар шауып келеді. Халық қалаулысы ретінде көтерген мәселелері көп. Сондықтан билік басындағылар оған «Нұр Отан» партиясының ОҚО бойынша ана мен отбасын қолдау жұмыстарының кураторы, «Саясаткер әйелдер» клубының ОҚО бойынша төрайымы және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған облыстық аналар кеңесінің төрайымы қызметтерін сеніп тапсырды. Депутаттықпен бірге осындай жауапты қызметтерді атқарып жүрген жанмен сұхбаттасудың сәті түсті. Ары қарай оқыңыз

Анарбек ОРМАНОВ, кәсіпкер

Анарбек ОРМАНОВ, кәсіпкер: «Әкім болған кезімде бизнеске жағдай жасадым»

Биыл Қала күнін бір апта бойы түрлі шаралармен атап өтудеміз. Аталмыш мерекеге орай шаhарымыздың бүгінгі жетістігі мен кемшілігіне көз жүгірту мақсатында Шым шаһарды екі рет басқарған білікті басшы Анарбек Ормановты әңгімеге тартқан едік. Шымкент қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Анарбек Оңғарұлының «Су ресурстары – маркетинг» ЖШС бас директоры ретінде де ел үшін жасап жатқан еңбектері жайында сөз етуді де жөн көрдік. Ары қарай оқыңыз

Мұрат ТАҒАЕВ, кәсіпкер

Мұрат ТАҒАЕВ, кәсіпкер: «Бұл өмірде бақыт пен берекенің кілті – адал еңбекте…»

Бұл тәкаппар дүние оған оңынан бұрылып қарағандай. Жаратқан жар болып, өмір нәрін сыйлады. Аға-бауырдан, туған-туыстан кенде қылған жоқ. Ержетті, оқыды, білді. Өз күшімен тыраштанып еңбек қылды. Отбасын құрды. Артында қаулап ұрпағы өсіп келеді. Мансап қумады. Бірақ қайда жүрсе де қызу жұмыс, алапат еңбек оны өзі іздеп тұрды. Шүкір дейді, бәрі бар онда. Бедел де, бақыт та. Ары қарай оқыңыз

Қайрат МОЛДАСЕЙІТОВ, кәсіпкер

Қайрат МОЛДАСЕЙІТОВ, кәсіпкер: «Билікке келу ойымда жоқ…»

Арамызда тек іскерлігімен ғана емес, адамгершілігімен, қайырымды мінезімен елге танылған азаматтар бар. Солардың бірі – Қайрат Молдасейітов.

Бүгінгі кейіпкеріміз бизнестегі басшылық жолын 1992 жылы «Күнгей» ЖШС-і директоры қызметінен бастаған. 1995-2000 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы «Трансмарс» компаниясы басшысының орынбасары болды. 2002-2004 жылдары қаламыздағы «КИТ Со» ЖШС-та директордың орынбасары,  2004-2009 жылдары осы «КИТ Со»  мен «Отау құрылыс» компа- нияларына басшылық етті. 2009 жылы кәсіпкерліктен мемлекеттік қызметке ауысып, Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалады. Рухани астананың тізгінін 3 жыл ұстаған Қайрат Құсейінұлы 2012 жылдың көктемінде Шымкент қаласының басшылығын қолына алды. Алайда, облыс орталығын 1 жыл басқарып, соңынан аяқ асты өз еркімен әкімдік қызметтен кетті. Ары қарай оқыңыз

Нұрлан Сейджаппаров, кәсіпкер

Нұрлан Сейджаппаров, кәсіпкер: «Асқаровтай басшыны әлі көргенім жоқ»

– Нұрлан Сейтқұлұлы, соңғы бір жылда өзіңізді қоғамдық шаралардан көрмейтін болдық. Халық кезінде елдің жанашырына айналған азаматты жоғалтып алды. Қайда жүрсіз?

– Халыққа көріне бермеуімнің өзіндік себебі де бар. Өмір болған соң түрлі жағдай орын алып тұрады. Тағдырдың жазғаны болу керек, осыдан бір жыл бұрын денсаулығым сыр беріп, инсульт алдым. Израиль еліне барып, үш ай үздіксіз ем қабылдап келдім. Осылайша Алланың қалауымен аман қалдым. Қазір емдік курс қабылдап жүрмін. Дәрігерлер жарты жылға жуық ем алу қажеттігімді ескертті. Бұйыртса, содан соң қатарға қосыламын деген ниеттемін. Ары қарай оқыңыз