«Уақытша неке исламға жат»

«Уақытша неке исламға жат»

Жақында Фейсбук әлеуметтік желісінде бір келіншектің басынан өткерген сұмдық оқиғасы жарияланды. Жап-жас қыз бір емес, бірнеше рет тұрмыста болып үлгерген. Ол дінге жақын, намаз оқитын көрінеді. Ең сорақысы, оны шариғат атымен алдап соғыпты. Ары қарай оқыңыз

«Хизб-ут-Тахрир» партиясы – хақ діннің дұшпаны

«Хизб-ут-Тахрир» партиясы – хақ діннің дұшпаны

Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы Орталық Азия елдері мен Қазақстан егемендігін алғаннан кейін Хизб-ут Тахрир ұйымы өз белсенділігін жүргізе бастағаны белгілі. Елдердің мемлекет басқарудағы тәжірибесінің аздығы, заңдарының осал жақтары бұл ұйымы оңтайлы жағдай туғызды. Ары қарай оқыңыз

Кері ағымдардан кедергі көп

Кері ағымдардан кедергі көп

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге ағылып келген өзге діндермен күрес қарқынды жүргізілсе, бертін келе ата-бабамыз ұстанып келе жатқан Ислам дінінің өзінен ішінара жік шығып, көптеген адамдар кері ағымдардың ықпалына түсіп жатты. Қоғамда экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары басталып кетті. Өз кезегінде, мемлекет болашағымыз үшін дінаралық, ұлтаралық бірлікті сақтау жолында барынша тиімді саясат жүргізіп келеді. Сонымен қатар, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында Қазақстан өзін зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алатыны айтылған. Осы орайда, облыс аумағында керағар ағымдармен күрес қалай жүргізіліп жатыр деген сауалға жауап іздеген едік.

Ары қарай оқыңыз

Ұлттық идеология отбасыдан басталады

Ұлттық идеология отбасыдан басталады

Еліміз тәуелсіздігін алып, әлемдік өркениеттегі өз орын анықтауға бет алғанына да 24 жыл болды. Осы әлемдегі біздің алатын орынымыз қандай, ертең қандай болмақ деген мәселеге тоқтар болсақ, ол да ұлттың ертеңі. Оның бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, біліміне, тыныштығына, ұлт алдындағы жауапкершілігін сезінуіне тікелей байланысты екені анық. Мен осы ұрпақ тәрбиесіндегі діннің маңызды екенін айтқым келіп отыр. Өйткені діни сауатсыздық және дінсіздік адамзатты құрдымға алып барады. Сол мәселелерді болдырмау үшін өскелең ұрпақты дұрыс арнаға бұру керек. Ары қарай оқыңыз

Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Бұл сұрақ әсіресе жастарды көп мазалайтын секілді. Біршама уақыт болды Шымқалада теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек беретін орталықта жұмыс істеп келемін. Жалпы әлгі жоғарыдағы сұрақты жеке кездесулерде жиі қойып отырамыз. Көпшілігі “иә, қарсы келеді» деген жауапты береді. Жастар дейтін себебім, деструктивті ағымдардан зардап шеккен азаматтардың жас ерекшеліктері 16-29 арасында болып жатады. Бұл өткен жылдардағы, яғни, біз кездескен азаматтардың арасындағы көрсеткіш. Мұны тек қана ОҚО бойынша деп айта алмаймын.  Ары қарай оқыңыз

Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек?

Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек?

Иә, орынды сұрақ. Әрі барлығымызды мазалап жүргендігі де орынды. Күні кеше ОҚО-ның бір ауданына барып, керағар-деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастардың ата-аналарымен кездесу өткіздік. Кездесу барысында байқағанымыз, сол жастардың ата-аналары: «ұлым (қызым) жақсы, айтқанымды орындайды, арақ ішпейді, темекі, наша шекпейді, бүлік шығарып жатқан жоқ» дейді. Бір жағынан қарасаңыз, дұрыс сияқты. Бірақ шынымен де солай ма? Егер базарға (олардың дені базарларда сауда жасайды) бара қалсаңыз таразыдан жемей, лажы болса тұтынушының (клиент) көңілінен шығуға тырысады. Әрине, алдамаған, таразыдан жемеген соң, сол сатушыға қайта айналып келеріңіз анық. Халық не себепті олардың қателіктерін байқамайды? Бұл сауалға былайша жауап бергенді жөн көрдім (бұл менің жеке пікірім). Ары қарай оқыңыз

Исламдағы дінаралық ынтымақтың бірегей үлгісі

Ислам пайда болғалы бері он төрт ғасырдың ішінде басқа діндермен өзінің қарым-қатынасын орнатып келеді. Ислам өмірге келісімен өзінің географиялық орналасуына сай иудейлермен, христиандармен және тағы да басқа дін өкілдерімен қажетті байланыс орнатты. Ары қарай оқыңыз

Қазақстандағы діни қатынастар арасындағы Ислам төзімділігінің маңызы

Қазіргі таңда әлемде жүріп жатқан жаһандану үдерістері ел тәуелсіздігіне, ұлттық мәдениетке экономикалық дербестікке, жалпы алғанда халқымыздың болашағына қалай әсер ететіндігі баршаны толғандырып келеді. Тәуелсіздігімізді алғалы бері жалпы халқымыз, әсіресе жас ұрпақ дінге ерекше ден қойды. Ары қарай оқыңыз