Тура жолдан адас¶андар

Тура жолдан адасқандар

Дінді саясаттың құралы еткісі келетін діндарсымақтардан теріс білім алып, Сириядағы соғысқа барған жастардың бірқатары бүгінде өз істеріне өкініп жүр. Содырлардың қатарында жүріп, қателігін түсінгендер қазір біртіндеп елге оралуда. Өзге елде соғысқаны үшін сотталып, түрмеге қамалып та жатыр. Олардың арасында адасқанын түсініп, беті бері қарағандары да бар. Біз бұл мақаламызда ақиқатқа көз жеткізбей, кереғар діннің жетегінде кетіп, енді жазасын өтеп жүргендер туралы жазуды жөн көрдік. Ары қарай оқыңыз

Сирияµа кеткендердiº таµдыры

Сирияға кеткендердiң тағдыры

Көне Шам еліне оқу үшін емес, жиһад үшін аттанған Қазақстандықтар саны күннен күнге артып отыр. Қазірдің өзінде Сирия жерінде 300-ге жуық қазақстандық «Ислам мемлекеті» ұйымының туы астында соғысып жүр. Мұны қазақстандық құқық қорғау органдарының өздері де растаған. Олардың ішінде бүтіндей отбасын  ертіп, теріс жолға түскендері де бар. Ары қарай оқыңыз

Жаңа Ислам мемлекетi: аңыз бен ақиқат

«Ирак және Леванта ислам мемлекеті» («ИЛИМ») немесе Ирак және Шам ислам мемлекеті – ИШИМ, сондай-ақ  «Ислам мемлекеті» – Сирияның  басым аумағында (жарым-жартылай солтүстік-шығыс аумағын бақылайтын) және 2013 жылдан Иракта («сунниттік үш бұрышты» аумағын жарым-жартылай бақылайтын)  әрекет ететін халықаралық террористік ұйымы. Ары қарай оқыңыз