Неміс инвесторлары жаңа жобаларды іске асырады

Неміс инвесторлары жаңа жобаларды іске асырады

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов биылғы жылдың 23 қазанында Шымкент қаласында өтетін ІІ Халықаралық инвестициялық форумға неміс кәсіпкерлерін шақырды. Өңір басшысы Германияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Гидо Херц мырзамен кездесуі кезінде бұл басқосудың өңірге үлкен қаржыны тартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Ары қарай оқыңыз

Түркістан инвестицияға қолайлы аймақ

Түркістан инвестицияға қолайлы аймақ

Топырағынан талай тарланбозды түлеткен, туризмнің ордасы Түркістанға арнайы барып қайтқан едік. Аталмыш қалада екі жылдан бері игерілмеген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қолға алынып келеді екен. Бұл жер телімдері қажетті инфрақұрылым тартылғаннан кейін кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады. Дегенмен, жерді рәсімдеу құны әлі де қымбат. Бұл мәселені жақында қалаға келген өңір басшысы назарға алғаны бар. Сонда аталмыш салаға тереңірек зерттеу жүргізіп, бағаны белгілеуде бірыңғай жүйе қалыптастыру керектігін де шегелеп тапсырды. Сондай-ақ, қалада туризмнен бөлек, кәсіпкерліктің де тынысы кеңеймек. Олай деуімізге келешегінен мол үміт күттіретін индустриалдық аймақтағы бизнес өкілдерінің жұмысы негіз болмақ. Ары қарай оқыңыз