¦йел баласына жи³ад жасау парыз ба?

Әйел баласына жиһад жасау парыз ба?

Әйел баласына жиһад жасау парыз ба? Қазір мұсылман елдерінде талқыланып жатқан ең өзекті тақырыптың бірі осы. Сауд Арабиясының академиялық зерттеулермен айналысатын тұрақты комиссиясы бұған «әйел баласы жиһадқа қатысуы міндетті емес, мұсылман баласы әйелді жиһадқа шақырмауы тиіс» деген қорытынды беріпті. Бұған дәлел ретінде комиссия мына бір хадисті алға тартады: Бірде пайғамбарымыздан (оған Алланың нұры жаусын) әйелі Айша «О, Алланың елшісі әйел баласы жихадқа қатысуы міндетті ме?» деп сұраған. Сонда Алланың елшісі әйел баласының тек соғыссыз жиһадқа қатыса алатынын, мысал ретінде қажылыққа және умра қажылығын жасауына болатынын айтқан. Хадистерге қарағанда, ислам дінін кеңінен тарату мен одан кейінгі аралықтағы жиһадттың мәні екі басқа сияқты. Алланың елшісі ислам жолындағы жаугершілік соғыстар аяқталған соң үмбеттеріне енді жиһад деп нәпсіге қарсы күресті түсіндірген. Ары қарай оқыңыз

дінтанушы Мәди Бесбаев

«Біздің мақсат – діни «иммунитетті» көтеру, халықтың көзін ашу»

2011 жылы 11 қазанда Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданғаннан кейін, облыста ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ құрылған болатын. Орталық ашылғаннан бастап, облыста діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілер, студенттер, жастар арасында, жалпы қоғамның барлық әлеуметтік топтарымен бірлесіп профилактикалық түсіндірме жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді. Осыған орай, біз орталық директорының орынбасары, дінтанушы Мәди Бесбаевтан күні бүгінге дейін атқарып отырған жұмыстары туралы сұрастырған болатынбыз. Ары қарай оқыңыз

Мұхамеджан Естеміров, облыс имамының орынбасары

Мұхамеджан Естеміров, облыс имамының орынбасары: «Ата дәстүрді теріске шығару шала білімге ие болғандардың ісі»

Соңғы кезде қоғамда ислам діні бойынша ілім алғандардың арасында жылдар бойы ата-бабадан келе жатқан дәстүрімізге қарсы шығу, сәлем салуға тиым салу сияқты жәйттері кездесіп жатыр. Яғни, қайсыбір жастар дәстүрді шариғатта жоқ деп айыптап, ата-анасының да айтқандарына құлақ аспауда. Осындай түсініспеушіліктердің аражігін ажыратып алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысындағы орталық мешіт имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровпен сұхбаттасқан едік. Ары қарай оқыңыз

Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек?

Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек?

Иә, орынды сұрақ. Әрі барлығымызды мазалап жүргендігі де орынды. Күні кеше ОҚО-ның бір ауданына барып, керағар-деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастардың ата-аналарымен кездесу өткіздік. Кездесу барысында байқағанымыз, сол жастардың ата-аналары: «ұлым (қызым) жақсы, айтқанымды орындайды, арақ ішпейді, темекі, наша шекпейді, бүлік шығарып жатқан жоқ» дейді. Бір жағынан қарасаңыз, дұрыс сияқты. Бірақ шынымен де солай ма? Егер базарға (олардың дені базарларда сауда жасайды) бара қалсаңыз таразыдан жемей, лажы болса тұтынушының (клиент) көңілінен шығуға тырысады. Әрине, алдамаған, таразыдан жемеген соң, сол сатушыға қайта айналып келеріңіз анық. Халық не себепті олардың қателіктерін байқамайды? Бұл сауалға былайша жауап бергенді жөн көрдім (бұл менің жеке пікірім). Ары қарай оқыңыз

Зайырлылық – тарихи талап

«Дәстүрлі емес конфессияларды жабу керек, құрту керек» дейтін сәуегөйлер мен дақпырт жасаушылар құқықтық-демократиялық негіздерді мойындаған әлемдік үрдіс – зайырлы мемлекеттік ұстаным шеңберінде көпконфессионалды жағдайдағы елдерде діни төзімділік пен тағаттылық таныта бейбіт қатар өмір сүруді үйрену керек-ақ. Ары қарай оқыңыз

Мазхаб ұстанбаудың зиянды салдары

Мазхабпен жүру дегеніміз ғалымның жеке ойына жүгіну емес. Мұндай ой қате түсінік. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманынан бастап, осы күнге дейінгі мұсылмандардың ұстанып келе жақтан шариғаты, бір шариғат – Аллаһтікі, ғалымның ойы емес. Алайда, адамзат барлығы бірдей жеке дара дін мәселесін біле бермейді. Ары қарай оқыңыз

Исламдағы дінаралық ынтымақтың бірегей үлгісі

Ислам пайда болғалы бері он төрт ғасырдың ішінде басқа діндермен өзінің қарым-қатынасын орнатып келеді. Ислам өмірге келісімен өзінің географиялық орналасуына сай иудейлермен, христиандармен және тағы да басқа дін өкілдерімен қажетті байланыс орнатты. Ары қарай оқыңыз

Кереғар ағымдар жақтастарының психологиялық іс-әрекеттері

Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты тақырыппен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы сөзінде: «Біздің тарихи таңдауымыз – зайырлы мемлекет пен қоғам. Бірақ, зайырлы деген атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз – ілгерішіл, бейбіт сүйгіш, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерді қолдаймыз, бірақ кез келген экстремизмді үзілді-кесілді теріске шығарамыз» – деп атап көрсетті. Ары қарай оқыңыз

Қазақстандағы діни қатынастар арасындағы Ислам төзімділігінің маңызы

Қазіргі таңда әлемде жүріп жатқан жаһандану үдерістері ел тәуелсіздігіне, ұлттық мәдениетке экономикалық дербестікке, жалпы алғанда халқымыздың болашағына қалай әсер ететіндігі баршаны толғандырып келеді. Тәуелсіздігімізді алғалы бері жалпы халқымыз, әсіресе жас ұрпақ дінге ерекше ден қойды. Ары қарай оқыңыз

«Дәстүрімізді «бидғат» деуге негіз жоқ»

«Дәстүрімізді «бидғат» деуге негіз жоқ»

Бүл күнде арамызда Дінге бет бұрып, Иман іздегендердің қатары көбейді. Қуанарлық жәйт. Бірақ, олардың арасында ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді жоққа шығара бастағандар пайда болды. Тіпті, Исламның негізгі ұстыны – Құран қағидасымен өмір сүремін деп сол қасиетті Кітап сөздеріне қарсы келіп, ата-анасын құрметтеуден қалғандары да бар. Осы мәселе төңірегінде Шымкент қаласы Абдул Хамид Қаттани мешітінің наиб имамы Амантай Әбілдәұлымен сұхбаттастық. Ел біле жүрсін әрі дінге бет бұрған жастарға бағыт болсын деп сол сұхбатты жариялап отырмыз. Ары қарай оқыңыз