Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстікке әр жылы: көктемде және күзде арнайы келеді

_dsc0918

Президент «Оңтүстікке деген ықыласы ерекше екенін» әр келген сапарында айтып жүреді. Халқы көп, қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрі, тілі мен дініне берік, әдет-ғұрып, жөн жоралғысын ұмытпаған, ұлыстың ұйтқысы деп сенім артатынын да айтпай қалмайды келген сайын. Бұл өңірдің тұрғындарына қиындықта да, саяси науқандарда да арқа сүйеп, қолдау күтетіні де белгілі. Соңғы жылдардағы сол сапарлары барысында облыс пен оның орталығы Шымкентке қатысты айтқан сөздері мен атқарылған жұмыстарға берген бағасын еске алып көрсек… Ары қарай оқыңыз

“Ортақ валюта шығару әзірге жоспарда жоқ…»

b3fc1b3eb1eb019c1f84b394575ca103_XL«Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта шығару әзірге күн тәртібіне қойылмады. Одан еш қорқудың қажеті жоқ». Бұл сөздерді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев республикалық телеарналардың тілшілеріне берген бейресми сұхбатында айтты. «Біз Ресей рубліне тәуелдіміз. Себебі олар біздің сауда серіктесіміз. Ал ЕАЭО-ға келер болсақ, бұл туралы 1990 жылдан бері айтылып келеді. Кеңес Одағы құлағаннан кейін біздің жағдайымыз қиын болды. Жалақы төлеу үшін ақша болмады. Тіпті, теңге де әлі шығарылмаған болатын. Сол кездерде ортақ валюта болғаны рас. Ал қазір бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ», — деді Президент. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін сұхбат барысында Елбасы жылды қорытындылап, елге белгілі журналистер Бейсен Құранбек пен Ерлан Игісіновтың қойған сұрақтарына жауап берді. Ары қарай оқыңыз

Елін сүйген Елбасы

Елін сүйген Елбасы

2013 жылдың соңында «ҚР мерекелер туралы» Заңына қосымшалар енгізіліп, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні деп бекітілді. Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырғаны белгілі. Дәл осы осы күні өткен сайлау арқылы Қазақстан халқы өз басшысын таңдай алды. Бұған дейінгі Кеңестік кезеңнің барлық сайлауынан өзгеше өткен сайлау арқылы қазақ елі енді өз басшысын тек орталықтың пәрменімен тағайындалмайтынын, халықтың өзі билікке, өзінің көшбасшысын сайлау арқылы тікелей араласып, таңдау жасау құқығын жүзеге асыратынын сезінді.
Айта кетерлігі, Тұңғыш Президент күні мерекесі де уақыт өткен сайын маңызы артатын халықтық шараға айналып келеді. Өйткені, бұл мереке жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты. Ары қарай оқыңыз

Бейбіт Атамқұлов

Оңтүстікке тоғызыншы әкім келді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шымкентке келіп, өңірге жаңадан тағайындалған облыс әкімін таныстырды. Облысты алты жыл, бес ай басқарған Асқар Мырзахметовтың орнына Бейбіт Атамқұлов әкім болып келді. Ары қарай оқыңыз