Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы өседі

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы өседі

Ең төменгі күнкөріс деңгейі ұдайы өзгеріп отырады. Осы жылдың қыркүйек айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 20 442 теңге болды. Бұл тамыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,4 пайызға төмен. Ал өткен жылдың қыркүйек айындағы шамадан 0,6 пайызға жоғары. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,3 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа 15,4 пайызды құраған. Сонымен қатар, мұндағы жемістер мен көкөністер сатып алуға кететін шығын 14,6 пайыз, нан және жарма өнімдері 7,6 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер 2,1 пайыз шамасында есептеліп отыр. Ары қарай оқыңыз