Ырыққа көнбеген «көк қағаз»

Ырыққа көнбеген «көк қағаз»

Қазақстан қор биржасындағы 5 қарашадағы таңертеңгілік сауда қорытындысына сәйкес, орташа сараланған бағам долларына 298,92 теңгеге жеткен болатын. Осылайша кешкілік саудамен салыстырғанда сәрсенбіде доллар бірден 11 теңгеге қымбаттады. Ары қарай оқыңыз

Теңгенің қауқары қалды ма?

Теңгенің қауқары қалды ма?

Мұнай бағасының арзандауымен бірге сапырылыста қалып қойып, әбігерге түскен төл теңгеміздің келер күндердегі бағамы жұртты алаңдатқан мәселеге айналды. Таяуда ғана Шымкент қаласында осы тақырып төңірегінде «Теңгенің қауқары және халықтың әлеуметтік жағдайы» деген дөңгелек үстел өтті. Отырыста көк қағаздың қатарында құнын жоғалтуға айналған теңгенің нарық дамуына, кәсіпкерлердің есебі мен жұртшылықтың қалтасына қаншалықты салмақ салып жатқаны талқыға түсті. Ары қарай оқыңыз

Баға ырыққа көнбей тұр

Баға ырыққа көнбей тұр

Теңге еркін айналымға түскелі бері қарапайым халықтың тынышы кетті.Осыдан бірнеше апта бұрын доллар құны 219-230 теңгені құраған болатын. Десек те, бұл көрсеткіш бірден 300-ге дейін жетіп жығылды. Соңғы апта ішінде көк қағаз құны 270 теңгенің көлемінде уақытша болса да кідіріп тұр. Қалай десек те, халық көкейінде көмескі ойды тудырған «теңге қашан тұрақтайды?» деген сұрақтың ақ-қарасына үңілген едік. Сарапшылардың айтуынша, доллар бағасы жыл аяғына дейін ауытқулы күйді кешіп, теңге абыройының артуына мүмкіндік бермейтін көрінеді.Осының салдарынан халық тұтынатын негізгі тауарлар құны қымбаттай бермек екен.

Ары қарай оқыңыз

Доллар шарықтап тұр. Теңге ше?

Доллар шарықтап тұр. Теңге ше?

Теңгенің еркін айналымға түсіп, доллар бағамының көтерілуі тауар мен мұнай бағасының шарықтауына әкеп соқты. Мұндай жағдай әсіресе төмен жалақы алатын қарапайым халыққа аса ауыр тиіп тұр. Себебі, газ, су, жарықты айтпағанда, азық-түлік бағасы көтеріліп, халықты әбігерге түсіруде. «Енді қалай күнелтеміз?» деп уайымға салынған халықтың уәжі орынды-ақ. Ал, ертеңгі күннен үмітін үзбейтіндер «не болса да көппен бірге көреміз» деп өздерін жұбатуда.

Ары қарай оқыңыз

Қайрат Келімбетов

Доллар бағамы тұрақтай ма?

Өткен аптада ұлттық банк долларға қатысты теңге бағамының өзгеруін $1-ға 198 теңгеге дейін көтерді. Яғни, айырбас бағамының құбылуын 185-198 теңге аралығына дейін кеңейтті. Бас банкир Қайрат Келімбетовтың сөзінше, мұндай қадам алдағы уақытта бағамның икемді және ырғақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр. Әрі алдағы орта мерзімдік инфляциялық таргеттеуге өту аясында Ұлттық банк айырбас бағамының тербеліс дәлізін кеңейту туралы шешім қабылдаған. Ары қарай оқыңыз