Дін біреу, діншілдер көп…

Қазіргі таңда біз үшін ислам атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар қауіпті болып тұр. Қарапайым халық мына екі терминге мән бергені абзал: «сәләф» пен «сәләфи» атауы екі түрлі дүние, екі түрлі мағынаны білдіреді. Қазіргі таңдағы «сәләфилер» өздерін «біз алғашқы үш буынның жолын ұстанушылармыз, сондықтан біз сәләфилерміз» деп жариялауда. Бұл топ өзін қаншалықты алғашқылардың жолын ұстанушы – «сәләфилер» деп атағанымен, уахабилік қозғалысының жалғасы екенін жасыра алмайды. Себебі, шын мәнінде, аталмыш топтың ілімі мен көзқарастары ХІІ-ХІІІ ғасырларда Дамаск қаласында өмір сүрген Ибн Таймия, оның шәкірті Ибн әл-Қайим, ХVIII ғасырда Сауд Арабиясының солтүстік өлкесінен шыққан Мухаммад ибн Абдулуаххабтың, біздің ғасырдағы Ибн Баз, Ибн әл-Усеймин, Әлбани, Фаузан секілді кісілердің дінге қатысты пікірлеріне негізделеді. Ары қарай оқыңыз