«Дәстүрімізді «бидғат» деуге негіз жоқ»

«Дәстүрімізді «бидғат» деуге негіз жоқ»

Бүл күнде арамызда Дінге бет бұрып, Иман іздегендердің қатары көбейді. Қуанарлық жәйт. Бірақ, олардың арасында ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді жоққа шығара бастағандар пайда болды. Тіпті, Исламның негізгі ұстыны – Құран қағидасымен өмір сүремін деп сол қасиетті Кітап сөздеріне қарсы келіп, ата-анасын құрметтеуден қалғандары да бар. Осы мәселе төңірегінде Шымкент қаласы Абдул Хамид Қаттани мешітінің наиб имамы Амантай Әбілдәұлымен сұхбаттастық. Ел біле жүрсін әрі дінге бет бұрған жастарға бағыт болсын деп сол сұхбатты жариялап отырмыз. Ары қарай оқыңыз

Ынтымақ ұйыған жерді жұмаққа теңеуге болады

Әлемдердің Раббысына сансыз мақтау мен мадақ болсын! Адамдардың асылы болған Мұхаммед Пайғамбарды, оның отбасын, сахабаларын және оның соңынан Қияметке дейін ілесушілерге Алланың рақымы мен сәлемі болсын!

Асыл дініміздің атын жамылған, теріс пиғылды «жанашырлардың» маска жамылған бет-бейнесін анықтай алмай, жолдан жаңылып, өз ұлтының, елінің, Отанының жарқын болашағына кесірін тигізіп жүргендер де баршылық. Кейбір бауырларымыздың алғашқы ниеті Алланың әміріне бойұсынып, құлшылығымен рақымына бөлену болғаны рас. Тек, уақыт өте келе діни білімінің аздығы, шариғат амалдарын толық түсінбеуі, бірқатар әлеуметтік, материалдық жағдайларының себебімен тура жолдан ауытқыды. Ары қарай оқыңыз

Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы

Ғалым Шойкин, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы: «Дінді қарақшы және содырлармен байланыстыруға болмайды»

Соңғы кездері әлемдік және отандық баспасөзде «діни экстремизм», «исламист», «лаңкестік», «ислам содырлары» ұғымы жиі қолданылып жүр. Террорлық оқиғаны міндетті түрде діннің немесе ұлттың өкілімен тікелей байланыстырып жариялауды өзіміз де әдетке айналдырдық. Мемлекет басшысының өзі осындай ақпараттық шабуылдың салдарынан исламофобия туындап жатқанын ескертті. Ары қарай оқыңыз