Оңтүстікте діни тұрақтылық сақталған

Оңтүстікте діни тұрақтылық сақталған

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін – бірлікке бағыттайды» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Қамту аясы облыстық деп көрсетілгенімен, жиынға жергілікті дін өкілдерімен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен оның орынбасары, найб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы да қатысты.

Ары қарай оқыңыз

Оңтүстікте 60 діни бірлестік бар

Оңтүстікте 60 діни бірлестік бар

18 қазан – Рухани келісім күні. Осы күнге орай облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірдегі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті. Ислам, православие, католиктер, елуіншілер, пресвитериандар, жаңаапостолдық және тағы басқа конфессиялардың өкілдері жиналған кездесуде Бейбіт Бәкірұлы барлық келушілерді осынау атаулы күнмен құттықтады. «18 қазан – Рухани келісім күні – Қазақстанның мерекелер күнтізбесіндегі ерекше күн», деп атап өтті. Кездесуді облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйымдастырды.

Ары қарай оқыңыз

Дәстүрлі емес діни ағымдар

Дәстүрлі емес діни ағымдар

Қазір елімізде түрлі діни конфессиялар бар. Мемлекет олардың қайсысына рұқсат берген, қайсысына тыйым салғаны туралы біле жүрудің артықтығы жоқ. Сол себепті, осы жолы оқырман қауымның назарына зайырлы мемлекет, секта, экстремизм, терроризм, елімізде тыйым салынған ағымдар мен Ислам атын жамылған керағар ағымдар туралы түсініктемелер жинағын топтастырып беруді жөн санап отырмыз. Ары қарай оқыңыз

«Уақытша неке исламға жат»

«Уақытша неке исламға жат»

Жақында Фейсбук әлеуметтік желісінде бір келіншектің басынан өткерген сұмдық оқиғасы жарияланды. Жап-жас қыз бір емес, бірнеше рет тұрмыста болып үлгерген. Ол дінге жақын, намаз оқитын көрінеді. Ең сорақысы, оны шариғат атымен алдап соғыпты. Ары қарай оқыңыз

Облыста тиым салынған 18 ағым бар

Облыста тиым салынған 18 ағым бар

Бұл жөнінде облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен ғылыми-практикалық конференциясында мәлім болды. Ары қарай оқыңыз

«Хизб-ут-Тахрир» партиясы – хақ діннің дұшпаны

«Хизб-ут-Тахрир» партиясы – хақ діннің дұшпаны

Кеңес Одағы ыдырап, оның құрамындағы Орталық Азия елдері мен Қазақстан егемендігін алғаннан кейін Хизб-ут Тахрир ұйымы өз белсенділігін жүргізе бастағаны белгілі. Елдердің мемлекет басқарудағы тәжірибесінің аздығы, заңдарының осал жақтары бұл ұйымы оңтайлы жағдай туғызды. Ары қарай оқыңыз

Ұлттық идеология отбасыдан басталады

Ұлттық идеология отбасыдан басталады

Еліміз тәуелсіздігін алып, әлемдік өркениеттегі өз орын анықтауға бет алғанына да 24 жыл болды. Осы әлемдегі біздің алатын орынымыз қандай, ертең қандай болмақ деген мәселеге тоқтар болсақ, ол да ұлттың ертеңі. Оның бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, біліміне, тыныштығына, ұлт алдындағы жауапкершілігін сезінуіне тікелей байланысты екені анық. Мен осы ұрпақ тәрбиесіндегі діннің маңызды екенін айтқым келіп отыр. Өйткені діни сауатсыздық және дінсіздік адамзатты құрдымға алып барады. Сол мәселелерді болдырмау үшін өскелең ұрпақты дұрыс арнаға бұру керек. Ары қарай оқыңыз

Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Бұл сұрақ әсіресе жастарды көп мазалайтын секілді. Біршама уақыт болды Шымқалада теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек беретін орталықта жұмыс істеп келемін. Жалпы әлгі жоғарыдағы сұрақты жеке кездесулерде жиі қойып отырамыз. Көпшілігі “иә, қарсы келеді» деген жауапты береді. Жастар дейтін себебім, деструктивті ағымдардан зардап шеккен азаматтардың жас ерекшеліктері 16-29 арасында болып жатады. Бұл өткен жылдардағы, яғни, біз кездескен азаматтардың арасындағы көрсеткіш. Мұны тек қана ОҚО бойынша деп айта алмаймын.  Ары қарай оқыңыз

Исламдағы дінаралық ынтымақтың бірегей үлгісі

Ислам пайда болғалы бері он төрт ғасырдың ішінде басқа діндермен өзінің қарым-қатынасын орнатып келеді. Ислам өмірге келісімен өзінің географиялық орналасуына сай иудейлермен, христиандармен және тағы да басқа дін өкілдерімен қажетті байланыс орнатты. Ары қарай оқыңыз

Қазақстандағы діни қатынастар арасындағы Ислам төзімділігінің маңызы

Қазіргі таңда әлемде жүріп жатқан жаһандану үдерістері ел тәуелсіздігіне, ұлттық мәдениетке экономикалық дербестікке, жалпы алғанда халқымыздың болашағына қалай әсер ететіндігі баршаны толғандырып келеді. Тәуелсіздігімізді алғалы бері жалпы халқымыз, әсіресе жас ұрпақ дінге ерекше ден қойды. Ары қарай оқыңыз