Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Ақша беріп, намазға жыққан

Бүгінгі таңда қоғамда діннің атын жамылып, жастарды теріс ағымға азғырушылар көбейді. Өйткені, жастардың өмірлік тәжірибесі аз әрі олар сенгіш келеді. Осыны ұтымды пайдаланған жат пиғылды ағымдар өз үгіт-насихаттарымен жастардың санасын улауда. Олардың ұялы байланыс және интернет желілерін ұтымды пайдаланудың арқасында жастар мен жеткіншектерді теріс жолға итермелеп отырғаны да жасырын емес. Бұған дейін баласын жоғары білім алу үшін қалаға жіберген ата-ана «балам төбелеске ұрынып, келеңсіз жағдайға ұшырап қалмасын», не болмаса «қаржыдан қысылып, қиналмаса екен» деп уайымдаса, қазір «базбіреулердің алдауына сеніп, кереғар ағымдардың жетегінде кетіп қалмаса игі» деп қауіптенетін болды. Намазға барса, теріс ағымға өтіп кетпес па екен деп қауіптенетін болды. Себебі, мұсылман дінін теріс әрекеттер жасау мақсатында пайдаланып жүргендер қазақ қоғамы үшін үлкен қауіп төндіріп тұр. Бұл дәстүрлі дініміздің дамуына кері әсер етіп отырғаны белгілі. Кейбір исламшыл топтар Сириядағы содырлар қатарын толықтыру үшін көптеген құйтырқылық әрекеттерге баруда. Соның бірі әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын азғырып, қатарына қосуда. Қалай дейсіз ғой? Ары қарай оқыңыз