«Сайрам» колледжі Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтті

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.б. бағытталған» делінген. 1946 жылы ББҰ-ның  жанынан құрылған халықаралық медициналық  мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық  халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. «Сайрам» колледж ұжымы осы күнді жылда қуанышпен атап өтеді. Ары қарай оқыңыз

Екпеден қорықпаңыз!

Екпеден қорықпаңыз!

Қызылша дертін «балалар обасы» деп текке айтпаған. Себебі, кезінде бұл дерттің салдарынан көз жұмған балалар саны көп болған. Бұл көрсеткіш қазіргі күннің өзінде төмендеген жоқ. Ғалымдар қызылшаға қарсы вакцинаны ойлап тапқанымен, дерттің өршуі тоқтамаған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша 10 млн бала вирустан зақымданатын болса, 120 мыңға жуығы оның құрбанына айналады екен.

Ары қарай оқыңыз

Ағзаға тұз жиналса...

Ағзаға тұз жиналса…

Тұзсыз тағамның дәмі де мәні де болмайды. Тұздың бар жерде пайдасы мол. Шаруада, дезинфекция жасауға пайдаланып жатады. Не болмаса қандай бір дертке шалдыққанда айталық, тұмауратқанда ауыз қуысы мен мұрынды тұзды сумен шайып әп-сәтте айығуға мүмкіндік бар. Бұл – тұздың дәрілік қасиеті. Дегенмен, тұзды шамадан артық қолданудан денсаулыққа айтарлықтай қауіп келетіндігін айтпай кетуге болмас. Ең бастысы тұздың жүрек үшін у екендігі жайлы жиі айтылады. Тұз адам ағзасына қаншалықты қауіпті? Ағзадағы қандай мүшелереге зиянын тигізеді? Ары қарай оқыңыз

Қант диабеті және жаз

Қант диабеті және жаз

Шілденің шіліңгір ыстығы халықты әбден әбіржітіп жіберді. Күннің ыстығы әсіресе, балалар мен қан қысымы жоғары, жүрек талмасы бар жандарға кері әсер етеді. Ал, қант диабетімен ауыратындардың халі қандай?
Бүгінде қант диабетімен ересек те, бала да ауырады. Мәселен, облыстық эндоэкринологиялық орталықта 33 мың науқас тіркеуде тұрса, соның 90%-ы орта жастағы азаматтар, 10%-ы балалар мен жасөспірімдер. Аталмыш орталықтың эндокринолог дәрігері Мұхан Базаралыұлының айтуынша, қант диабеті – қан құрамында қанттың (глюкоза) көбейіп кетуінен пайда болады. Ары қарай оқыңыз