Дәстүрлі емес діни ағымдар

Дәстүрлі емес діни ағымдар

Қазір елімізде түрлі діни конфессиялар бар. Мемлекет олардың қайсысына рұқсат берген, қайсысына тыйым салғаны туралы біле жүрудің артықтығы жоқ. Сол себепті, осы жолы оқырман қауымның назарына зайырлы мемлекет, секта, экстремизм, терроризм, елімізде тыйым салынған ағымдар мен Ислам атын жамылған керағар ағымдар туралы түсініктемелер жинағын топтастырып беруді жөн санап отырмыз. Ары қарай оқыңыз

Кері ағымдардан кедергі көп

Кері ағымдардан кедергі көп

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге ағылып келген өзге діндермен күрес қарқынды жүргізілсе, бертін келе ата-бабамыз ұстанып келе жатқан Ислам дінінің өзінен ішінара жік шығып, көптеген адамдар кері ағымдардың ықпалына түсіп жатты. Қоғамда экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары басталып кетті. Өз кезегінде, мемлекет болашағымыз үшін дінаралық, ұлтаралық бірлікті сақтау жолында барынша тиімді саясат жүргізіп келеді. Сонымен қатар, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында Қазақстан өзін зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алатыны айтылған. Осы орайда, облыс аумағында керағар ағымдармен күрес қалай жүргізіліп жатыр деген сауалға жауап іздеген едік.

Ары қарай оқыңыз

Мұхамеджан Естеміров, облыс имамының орынбасары

Мұхамеджан Естеміров, облыс имамының орынбасары: «Ата дәстүрді теріске шығару шала білімге ие болғандардың ісі»

Соңғы кезде қоғамда ислам діні бойынша ілім алғандардың арасында жылдар бойы ата-бабадан келе жатқан дәстүрімізге қарсы шығу, сәлем салуға тиым салу сияқты жәйттері кездесіп жатыр. Яғни, қайсыбір жастар дәстүрді шариғатта жоқ деп айыптап, ата-анасының да айтқандарына құлақ аспауда. Осындай түсініспеушіліктердің аражігін ажыратып алу үшін Оңтүстік Қазақстан облысындағы орталық мешіт имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровпен сұхбаттасқан едік. Ары қарай оқыңыз

Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Дәстүр дінге қарсы келеді ме?

Бұл сұрақ әсіресе жастарды көп мазалайтын секілді. Біршама уақыт болды Шымқалада теріс пиғылды ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек беретін орталықта жұмыс істеп келемін. Жалпы әлгі жоғарыдағы сұрақты жеке кездесулерде жиі қойып отырамыз. Көпшілігі “иә, қарсы келеді» деген жауапты береді. Жастар дейтін себебім, деструктивті ағымдардан зардап шеккен азаматтардың жас ерекшеліктері 16-29 арасында болып жатады. Бұл өткен жылдардағы, яғни, біз кездескен азаматтардың арасындағы көрсеткіш. Мұны тек қана ОҚО бойынша деп айта алмаймын.  Ары қарай оқыңыз

«Дәстүрімізді «бидғат» деуге негіз жоқ»

«Дәстүрімізді «бидғат» деуге негіз жоқ»

Бүл күнде арамызда Дінге бет бұрып, Иман іздегендердің қатары көбейді. Қуанарлық жәйт. Бірақ, олардың арасында ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді жоққа шығара бастағандар пайда болды. Тіпті, Исламның негізгі ұстыны – Құран қағидасымен өмір сүремін деп сол қасиетті Кітап сөздеріне қарсы келіп, ата-анасын құрметтеуден қалғандары да бар. Осы мәселе төңірегінде Шымкент қаласы Абдул Хамид Қаттани мешітінің наиб имамы Амантай Әбілдәұлымен сұхбаттастық. Ел біле жүрсін әрі дінге бет бұрған жастарға бағыт болсын деп сол сұхбатты жариялап отырмыз. Ары қарай оқыңыз