Барды ұқсата алмаған ұтылады

Қаржының игерілмей қалуы жыл сайын қайталанатын «жырға» айналды бүгінде. Дәстүрлі спектакль. «Тіпті солай болуы тиіс» деп қабылдайтын дәрежеге де жетіп қалғандаймыз. Соны сораптан шықпайтын сценарийдей де тіпті. Биыл қазына қамбасында жамбасы қимылдамай қалып кеткен қаржы 129 млрд теңгені құрап отыр. Аз қаржы емес. Бұған біраз жыртықты жамап алуға болар еді. Егер «қазаншы» ерік берсе… Бірақ «құлақты» қайдан, қалай болса, солай шығаруға болмайды. Өзіндік бағыты бар. Өзіндік миссиясы бар. «Орындалмайтын»…

Кезінде үкіметтегі ел экономикасының жай-күйіне жауапты болған бұрынғы министр Ерболат Досаев
кезінде дәл осы мәселені ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни, «асқазанның созылмалы қорытпауы» деп айтқан болатын.
Бұл теңеу бүгінгі күні де өз мәнін жойған жоқ. Бұған қарап мынадай қорытынды жасауға болады: бюджеттік қаржының дер кезінде орындалуына бақылау жеткіліксіз. Мемлекеттік қаржыны басқару жүйесі сапасыз. Ары қарай оқыңыз