«Үздік оқырман — 2017» жеңімпаздары анықталды

 

Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыз «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар» деп алдағыны көрегендікпен болжаған. Мұндағы «шамы» тұңғиық терең білім мен ғылым болса керек. Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс. Мектеп кітапханасы «мектептің жүрегі», оқушылардың ғылыми негіздеріне үйренуіне, оқу-тәрбие процесіне белсене араласып, ақпараттық білім кеңістігінің дамуына, мәдени дәрежесінің өсуіне көмектеседі. Ары қарай оқыңыз

Ауылға бар, қалқатай...

Ауылға бар, қалқатай…

Өңірде білімді, қолында дипломы бар жастар көп. Бірақ, олардың бәріне бірдей қаладан жұмыс табыла бермейді. Нәтижесінде, жастардың бір бөлігі нәпақа табу үшін қара жұмысқа жегілсе, базыбіреулері шарасыздықтан қылмысқа барады. Елдегі осындай жағдайды ескерген Үкімет бірнеше бағдарламаны қолға алды. Ары қарай оқыңыз

Жөндеу жұмыстары жалғасуда

Жөндеу жұмыстары жалғасуда

Күні кеше мектеп бітірушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы өз мәресіне жетіп, түлектер қолдарына аттестат алғаны белгілі. Ары қарай оқыңыз

Үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі

Үш ауысымды мектеп мәселесі шешіледі

Бүгінде облыста 2,5 млн-нан астам халық тұрады. Оның төрттен бірі мектеп жасындағы балалар. Олар 1022 мектепте білім алуда. Ары қарай оқыңыз

Жаттанды білімнен жаңаша үрдіске көшу

Жаттанды білімнен жаңаша үрдіске көшу

Биылғы оқу жылы Оңтүстік өңірі үшін айрықша жетістіктермен ерекшеленді. Тарқатып айтар болсақ, биыл «Алтын белгі» иегерлерінің саны 608-ге жетіп, былтырғымен салыстырғанда 173-ке артты. Ал, ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орта балы – 78,7 құрады. Ары қарай оқыңыз

Мұрат Әбенов, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы үйлестіру кеңесінің төрағасы

Мұрат Әбенов, «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы үйлестіру кеңесінің төрағасы: «Ешбір маман жұмыссыз қалмайды»

– Мұрат Абдуламитұлы, біздің өңірге қош келіпсіз. Іссапарыңыздың мақсатынан хабардармыз. Ол — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасын насихаттау. Осы ретте жобаның талаптары туралы бүге-шүгесіне дейін білсек дейміз. Талаптар, ережелерінде өзгеріс бар ма?

– Мен еліміздің көп жерінде жиі іссапармен жүремін. Мақсат – жобаны насихаттау. Халық тарапынан ««Серпін-2050» жобасының негізі неде?» деген сауал жиі қойылады. Сондықтан да алдымен жобаның негізіне тоқталып өтсем. Алдымен экономикалық тұрғыда айтар болсам, елімізде завод-фабиркалардың саны артып келеді. Әрине, ел экономикасының дамуына олардың қосар үлесі зор. Бірақ, онда жұмыс істейтін білікті маман болмаса, өндіріс орындарының пайдасы қанша? Соңғы статистикалық мәліметке сүйенер болсақ, республиканың 8 облысында кей мектептер мен балабақшалар бос тұр. Мәселен, бір ғана Шығыс Қазақстан облысында бұрындары 10 мың бала білім алса, қазір олардың саны 7 мыңға әзер жетеді. Себеп – белгілі. Халық саны азайып барады. Бұл өңірлерде жұмыс көзі болғанымен, еңбек күші тапшы. Ары қарай оқыңыз