Шымкент алдағы бес жылда...

Шымкент алдағы бес жылда…

Облыс әкімі Б.Атамқұловқа қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Шымшаһардың 2016-2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасын таныстырды. Қаланың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы, сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалар да қарастырылған. Ары қарай оқыңыз

Бас жоспар тағы да өзгереді

Бас жоспар тағы да өзгереді

Талайдан бері жыры таусылмаған Шымкенттің бас жоспары Үкіметте ұзағынан қаралып, бекітілген болатын. Жаңа жоспар бойынша бұрынғы 40 мың гектарлық аумақ 117 мың гектарға кеңейтілді. Сонымен Ордабасы, Төлеби, Сайрам аудандарының жалпы көлемі 76200,34 гектар жері Шымкент қаласының аумағына енді. Осылайша аталмыш аудандардан 40 ауыл қалаға қосылды. Сондай-ақ, аталған аудандардан жер телімдерін, тұрғындарымен қоса қалаға қосу әлі күнге дейін жүргізіліп келеді. 2004 жылы түзілген бас жоспар уақыт ағымынан қалып қойғанға ұқсайды. Олай дейтініміз жоспарға сәйкес, халық саны 2015 жылға дейін 600 мыңға жету керек еді. Алайда, қалалықтардың саны жоспарлы мерзімнен бұрын межеден асып кеткен.

Ары қарай оқыңыз