Балабақша жетпейді

Елімізде әрбір бесінші бала дүниеге келетін Оңтүстікте балабақша мәселесін шешу кезек күттірмейтін шаруалардың бірі. Себебі, шым шаһардың өзінде 55 мыңнан астам бала балабақша кезегінде тұр. Ал елді мекендерде мемлекеттік балабақшалар жоқтың қасы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жергілікті билік пен сала басшылары мектептердің жанынан шағын орталықтар ашып, амалдауда.

Ары қарай оқыңыз

Балалар семіздікке шалдығуда

Балалар семіздікке шалдығуда

Қазіргі таңда пайдалы ас туралы айтылғанымен, оның түп-тереңіне үңіле бермейміз. Көбінесе, асқазанды көшедегі фаст-фуд, газдалған сусынмен алдаймыз. Ыстық тамақты дәмханалардағы дайын тағамдармен алмастырғанды дұрыс көреміз. Алайда жартылай фабрикатты тағамдар мен консервантқа толы сусындардың зияндылығынан бүкіл адамзат бүгінде зардап шегуде. Қазақстандықтар да бұл жағынан қалыс қалмаған. Статистикалық деректерге сүйенсек, мектеп жасындағы балалардың 10% семіздікке шалдыққан. Мамандар мұның себебін, балалардың көп қимыл-қозғалыс жасамайтындығымен және дұрыс тамақтанбайтындығымен түсіндіреді. Ары қарай оқыңыз