Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге — жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемеде атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің балабақша атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақшаға ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата — анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби — педагогикалық оқулықтарға енгізген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
Ары қарай оқыңыз

«Ақ бидай» балабақшасында семинар өтті

75 «Ақ бидай» бөбекжай 3 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Жақында ғана Шымкент қалалық білім бөлімінің бастамасымен «Педагог пен балалардың жеке өзара әрекеттестігінің технологиясы» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Ары қарай оқыңыз

Бір баланы бірнеше балабақшаға орналастырған

Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық салада заң бұзушылықтар азаймай отыр. Облыстық прокуратура мамандары аталған салаға жыл басынан бері 935 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 4515 заң бұзушылықты анықтаған. 1753-іне прокурорлық ықпал ету шаралары қолданылып, 182 мыңнан астам азаматтың құқықтары, оның ішінде 11 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қалпына келтірілген. Ал, 5 мыңға жуық тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Рүстем Дүйсенбаев мәлімдеді.
Басқарма бастығының сөзінше, биыл прокуратураның ықпалымен мемлекет пайдасына 2,1 млрд. қаржы өндіріліп, мемлекетке 1,9 млрд. теңгені құрайтын мүлік қайтарылған, 73 млн теңге әкімшілік айыппұлдар өндірілген. Ары қарай оқыңыз

Гүлшаһар Төленді, «Қатира Ана» мемлекеттік коммуналдық балабақша­сының меңгерушісі: Қайырымдылық жасап, елге танымал болуды мақсат тұтпадым

6 Гульшахра

Гүлшаһар Төленді, «Қатира Ана» мемлекеттік коммуналдық балабақша­сының меңгерушісі

Қоғамда қайырымды іспен тек қаржысы бар адамдар ғана айналысу керек деген ұғым қалыптасқан. Дегенмен, мейірімділік танытып, қайырымдылықпен айналысуға артық қаржының қажеті жоқ екендігін дәлелдеп жүрген адамдар да жоқ емес. Жуырда бұқаралық ақпарат құралдарында тұрмысы төмен отбасынан шыққан 18 бүлдіршінді өз қамқорлығына алған балабақша меңгерушісі жайлы жағымды ақпарат тарады. Мейірімділік пен қайырымдылыққа зәру бүгінгі қоғамда мұндай игілікті іске «бәрекелді» деп сүйсініп қалғанымыз рас. Мейірім-шуағы аз, тасбауырлық жайлаған заманда кішкентай жақсылықтың өзін үлгі тұтып, насихаттауды мақсат еттік. Ізгі тірліктің мән-жайын білу үшін Отырар ауданының шалғай жатқан ауылы, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған жері  — Ақтөбе ауылына барып, «Қатира Ана» мемлекеттік коммуналдық  балабақшасының меңгерушісі Гүлшаһар Төлендімен сұхбаттасып қайттық. Ары қарай оқыңыз

Балабақша жетпейді

Елімізде әрбір бесінші бала дүниеге келетін Оңтүстікте балабақша мәселесін шешу кезек күттірмейтін шаруалардың бірі. Себебі, шым шаһардың өзінде 55 мыңнан астам бала балабақша кезегінде тұр. Ал елді мекендерде мемлекеттік балабақшалар жоқтың қасы. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін жергілікті билік пен сала басшылары мектептердің жанынан шағын орталықтар ашып, амалдауда.

Ары қарай оқыңыз

Балабақшамен толық қамтылады

Бүгінгі таңда облыста 1452 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Олардың 340-ы мемлекеттік, 560-ы жекеменшік. Ал мектеп жанынан ашылған шағын орталықтардың саны – 466. Жыл соңына дейін тағы да 1200 орынға шақталған 95 бөбекжай пайдалануға берілмек. Өңірдегі бұл балабақшалар балаларды толығымен бөбекжаймен қамтуға қауқары жетеді ме? Ары қарай оқыңыз