Балалардың несібесі

7 пособие«Әр бала өзінің несібесімен туылады» деген түсінік баяғыдан келе жатыр. Оның үстіне, балалы үйдің қызығы мен шыжығы да таусылмайды. Перзенті үшін кез келген ата-ана аспандағы айды әперіп, тауды қопаруға дайын. Доллар аспандап, теңге құлдыраса да, нәресте сүйгісі келетіндер заманның ешқандай сылтауына қарамайды. Себебі, бала — ертеңің, болашағыңды жалғайтын ұрпағың. Ары қарай оқыңыз

Қамқоршы болғыңыз келсе...

Қамқоршы болғыңыз келсе…

29 қазан – Қамқоршы күні. Елімізде бұл даталы күн 2010 жылдан бастап аталып өтіледі. Құзырлы мекемелер мен жомарт жандар бұл күнге бірнеше ай бұрын дайындалады. Бірі – балалар мен олардың заңды өкілдерінің тізімін жасақтап, түгендесе, енді бірі – сый-сияпаттарын үлестіреді. Шама-шарқы келгенше киіндіруге, қажетті керек-жарағын әперуге тырысады. ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтетін республикалық шараның мақсаты сыйлық тарату емес. Басты мақсат — жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз қолқанатының астына алған жандарды қолдау, олардың санын арттыру және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала мәселесіне қоғам назарын аудару. Ары қарай оқыңыз

Баланың өз үлесі бар

Баланың өз үлесі бар

Бір кездері өз баласының тағдырына жауапсыз қараған әкесымақтарға «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмаған. Алайда соңғы жылдары «Неке және отбасы» туралы заңына өзгерістер енгізіліп, алимент мәселесі шындап қолға алына бастады. Әрине, алимент балаға әке бола алмайды. Дегенмен мұның өзі ер адамның жауапкершілігін аз да болса сезіндіреді. Сонымен алимент төлеудің тәртібі қандай? Алимент түрлері және оны төлемеген жағдайда қандай жаза қарастырылған? Бұл сауалдарға тиісті заңнамаға сәйкес жауап іздеп көрсек.
«Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 20 тарауына сәйкес ата-ана кәмелет жасқа толмаған балаларын асырау туралы келісім-шарт (алименттер төлеу туралы келісім) жасауға құқылы. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-баға алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Алимент төлеу туралы ата-анасының келісімі болмаған жағдайда, кәмелет жасқа толмаған балаларға қаражат берілмесе және сотқа талап-арыз жасалмаса, қамқоршылық және қорғаншылық органдары кәмелет жасына толмаған балалар үшін олардың ата-анасынан (екеуінің бірінен) алимент талап ету туралы арыз жасауға құқылы.

Ары қарай оқыңыз

Ана сүтінің пайдасы көп

Ана сүтінің пайдасы көп

Ана сүті – өзінің сапалы және пайдалылығымен басқа тағамдардан жоғары тұрады. Ол сіңіруге жеңіл және баланың ағзасына толық үйлестірілген. Оның құрамында нәресте үшін арнап даярланғандай азықтар мен жұқпалы аурулардан қорғайтын заттар бар. Ары қарай оқыңыз