Бала болашағының негізі – ұлттық тәрбиеде

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге — жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мектепке дейінгі мекемеде атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің балабақша атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақшаға ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата — анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби — педагогикалық оқулықтарға енгізген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
Ары қарай оқыңыз

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

 

Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндері дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу – оқушылар ұжымы мен еңбек етуші педагог-психологтардың және отбасының ең негізгі міндеті.

«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы және жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз айтқанындай, оқушылар бойында адамдық қасиеттерді тәрбиелеуде ата-ананың, яғни отбасының алар орны ерекше. Ары қарай оқыңыз

Жиырма бес кітап, жиырма бес ән

Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірге дайындалған педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы «Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру» курсында «Екінші шеберлік кезең» атты мектептің даму жоспарына сәйкес «Жиырма бес кітап, жиырма бес ән» іс-шарасын өтті.

Бұл жоспардың ең басты мақсаты — оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын оята отырып, оларға қазақтың классик ақын-жазушыларының шағармашылығын, ұлттық дәстүрлі әндерімізді насихаттап, олардың сана-сезімін, ой-өрісін, рухани ойлау қабілетін дамыту,өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ары қарай оқыңыз

Кітап оқу отбасынан

5 китаптарКітап оқу – адам миы үшін ай­рық­ша жаттығу. Түрлі шығар­­­­малардың ішіне ойша ену — адамның елес­тету, қиял­­дау мүмкіндігін арт­ты­­рады. Бұдан адамның физи­калық және психикалық жай-күйі жақсарады. Бұл — ғалымдардың пікірі. Яғни, кітап оқу ақыл-ойды ғана емес, жан мен тәннің саулығын да арттырады. Кітап оқуға деген қызығушылық бала кезден қалыптасқаны дұрыс. Ары қарай оқыңыз