Жұмыссызы жоқ Азаттық ауылы

Күнгейдегі көрікті мекендердің бірі Түлкібас ауданындағы Азаттық ауылы былтыр облыс бойынша «Үздік ауыл» атанды. Өңірімізде 932 ауыл барын ескерсек, солардың арасынан қара үзіп шығу үлкен абырой, әрине. Мақтаулы ауылға ат басын бұрғанда көргенімізді айтсақ, көңіл сүйсінеді. Күре жолдың бойын жағалай орналасқан ауыл тазалығымен тәнті етердей. Көшеге көрік беріп тұрған дарақтарды күз түспей тұрып күзеп қойыпты. Ауыл деген аты болғанымен қаладағыдан жағдайы жақсы. Ауылда көгілдір отын мен ауызсу мәселесі түбегейлі шешілген. Ауыл тұрғындары таңмен таласа тұрып, тырбанып еңбектенуді серік еткен. Еңбекқор екендіктерін сәулеті жарасқан үйлерінен-ақ білуге болады. Қас беті қасаң болып, күйі кеткен бір үйді көрмейсің. Бәрі де әктеліп, сырланып, жұтынып тұр. Осыған қарап-ақ ауыл тұрғындарының кәсібіне нәсібі сай екендігін бағамдауға болады. Ары қарай оқыңыз