«Крис П» жүйесі мен «Автоураган» қандай айыппұл жазады?

«Крис П» жүйесі
Жергілікті полиция қызметі «Крис П» жүйесін іске қосты. Бұл қондырғы қызметкерлердің қатысуынсыз жол ережелерін бұзу фактілерін таспаға жазады. Аталған құралдың алғашқы жұмыс күні Д. Қонаев гүлзарынан басталды. Айналдырған бір сағаттың ішінде 554 көлік иесі 5 миллион теңге айыппұлдың иегері атанып шыға келді. Ол тек жылдамдық арттырғанды ғана емес, арнайы сызықтарды басып тоқтағанда, не болмаса белгілі бір аумақта бірінші жолақтан екінші жолақты басып өтіп ауысқанды да есепке алады. Ереже бұзғандарды сол мезетте-ақ таспаға түсіреді. ЖПҚ қызметкері мен жүргізушінің «өзара келісуіне» жол бермейді. Айыппұл қағазы тез арада жүгенсіз жүргізушінің мекен-жайына жіберіледі. «Крис П» құрылғысы кез-келген көшеде тұруы мүмкін. Байқамай да қаласыз. Кішкене ғана болғандықтан алыстан да көзге шалынбайды. Стационарлы камераларға қарағанда өте «пысық» әрі жылдам. 50 градус суықта да істен шықпайды. Көлікті артқы жағынан да, алдынғы жағынан да түсіре алады.
ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі жол патрульдік полиция бөлімі мамандарының сөзінше, аталған құрылғы жылжымалы болғандықтан алдына ескерту белгісінің қойылмауы заңсыздық болып саналмайды. Ары қарай оқыңыз