Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Кеңес Алпысбаев

Жаңашыл шаруалар ғана субсидия алады

Өңірімізде 50 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Жыл он екі ай жер тырмалап, еңбек еткен осы дихан қауымы күзгі жиын-терімін аяқтауға жақын. Несібесін жерден тауып отырғандар алған өнімнің мол болғанын қалайды. Ол үшін шаруаларға мемлекет те көмек қолын созып келеді. Соңғы кезде шаруаларды осы мемлекет тарапынан берілетін көмектердің, нақтырақ айтқанда субсидия көлемі азаяды деген ақпарлар алаңдатып отыр. Себебі, дағдарыс кезінде мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылардың мейлінше үнемделетіні белгілі. Осы ретте біз Оңтүстіктің шаруаларына келер жылы мемлекеттен қолдау көрсетіле ме, субсидия мен басқа да қаржылай көмектер бола ма деген сауалдарға жауап алу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Кеңес Алпысбаевқа жолыққан едік. Ары қарай оқыңыз

Қаланың қарқыны күшті

Қаланың қарқыны күшті

Шымкент қаласының ауылшаруашылығы мақсатындағы жері 63196 га, оның ішінде егістік жер 431 мың га, жайылым 20016 га, шабындық 243 га, бау және көпжылдық екпелер 937 га құрайды. Әкімшілік аумақтық шекараның өзгеруіне байланысты 3,5 мыңнан аса агроқұрылым қосылып, бүгінгі таңда қала бойынша барлығы 4152 ауылшаруашылығы тауар өндірушілері еңбек етуде. Ары қарай оқыңыз

Көкөніс пен бақша өнімдері рекордты деңгейде

Көкөніс пен бақша өнімдері рекордты деңгейде

Облысымызда көкөніс пен бақша өнімдері рекордты түрде пісіп жетіліп келеді. Ауылшаруышылық басқармасында биылғы көрсеткіш өткен жылға қарағанда көбірек болады деп отыр. Мәселен, жарты млн тоннаға дейін қызанақ, қияр, сәбіз, баялды, қырыққабат, бұрыш, картоп пен жасыл шөпті жиналады деп болжануда. Ал, қауын мен қарбызды 1 млн 300 мың тоннаға дейін жиналмақ. Ары қарай оқыңыз

Шардарада күріш егілуде

Шардарада күріш егілуде

Шардара ауданының диқандары судың тапшылығына қарамастан, үйренген кәсіптерін қайта бастады. Биыл күнгейліктер 1400 гектардан астам жерге күріш екті. Айта кетейік, шаруалар өз өнімдерін сату үшін алысқа арқалап қиналмайды. Себебі, ауданның өзінде күрішті қайта өңдейтін зауыт бар. Ары қарай оқыңыз