110 жасқа жеткен Гулчечек әже

Ақ тілектердің тиегін ағытқанда «Жамбылдың жасын берсін» деп ұзақ ғұмыр тілейміз. Бірақ бүгінде бұл жастың жартысына да жетпейтіндердің қарасы қалың. Дегенмен ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешкен жандар арагідік болса да бар. Екінші жүзжылдыққа аяқ басқан шымкенттік Гулчечек Колаеваның жасы 110-ға толып отыр. Қария екі ғасыр тоғысында талай тарихи оқиғалардың куәсі болған. Ұлы Отан соғысы басталған жылдары Кавказдан жер аударылып келген екен. Зұлматты жылдардың зұлымдығын көп көргенін жасырмайды. Туған жерінен жырақтап қалғанда өзіне қазақ халқының қамқорлық көрсеткенін әлі де жадынан шығарған емес. Сүйеніш таянышы жоқ жандарды колхоз председателі Жеңіс Оразов деген кісі өз үйін паналатады. Өзі ғана емес екі інісінің де жетіліп, ел қатарына қосылуына көп көмегін тигізіпті. Ары қарай оқыңыз

Бибігүл Әлібаева

Тыл ардагері 100 жаста

Соғыстың зардабын тыл ардагерлері аз тартқан жоқ. Әсіресе, сол кезеңде қазақ әйелдері де жоқшылық, аштық пен ауыр еңбекті бастан кешті. Тылда еңбек еткен Бибігүл Әлібаева сол уақыттары қолмен егін орды, темір тұлпардың тізгінін ұстады, одан кейінгі жылдарда қой бақты. Биыл Бибігүл әжеміз 100 жасқа толды. Тыл ардагерінің ғасыр жасын биліктегілер назарсыз қалдырмады. Абай ауданы әкімдігі мен осы ауданға қарасты ардагерлер кеңесі өкілдері әжені құттықтап барып, сый-сияпатын жасап қайтты. Ары қарай оқыңыз