«Өрлеу» — масылдықты жоятын жаңа жоба


7 ОрлеуБиылдан бастап облысымыздың барлық қала, аудандарында табысы төмен, қаржыға мұқтаж отбасыларға мемлекет ақшалай жәрдем береді. Және ол қаржыны сіз қандай мақсатта алғалы жатқаныңыз жөнінде нақты жоспарыңыз болуы керек. Мәселен, жеке кәсіп ашасыз ба немесе мал сатып аласыз ба, өзіңіз білесіз. Ал, егер жұмыстан шығып кетіп, әрі  алған қаржыны басқа мақсатқа жұмсаған болсаңыз, онда алған ақшаны кері қайтарасыз. Бұл іске жаңадан шыққан «Өрлеу» жобасы мұрындық болып отыр. Сөзіміз түсінікті болу үшін «Өрлеу» жобасы деген не, соған тоқталсақ. 

ҚР Үкіметі 2014 жылы 17 ақпандағы №97 Қаулысына сәйкес, «Өрлеу» жобасын бекіткен болатын. Жоба аясында берілетін шартты ақшалай көмек — жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болатын отбасыларға беріледі. Ары қарай оқыңыз