Ұстаздардың еңбегі бағаланды

Ұстаздардың еңбегі бағаланды

Ұстаздың еңбегі – шәкіртінің жетістігімен бағаланады. Олай болса, күнгейлік ұстаздардың еңбегі текке кетпепті. Оның дәлелі, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада оқушыларымыз екі жыл қатарынан ІІІ орынды иеленді. Жүлдегерлер саны 33-ке жеткен. Ал, жыл басынан бері екі бағыт бойынша 30 оқушы жүлдегер атанып, «Үздік олимпиадалық мектеп» және «Үздік олимпиадалық команда» атанған. «Алтын белгі» иегерлері соңғы 4 жылда 238-ден 608 оқушыға артқан. Мұның барлығы ұлағатты ұстаздардың еңбегі деуге болады.

Ары қарай оқыңыз

Нәсіпқаным Камалқызы

«Ұрпақ тәрбиелеу арқылы да идеалды әйел атануға болады»

Бүгінгі жастардың идеал тұтатын тұлғалары көп-ақ. Олардың тізімінде Домалақ ана, Данагүл, Ұлпан, Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан секілді нәзік жандылар бар. Сонымен, қыздарымыз бүгінде кімді үлгі тұтып, кімді мақтаныш етіп жүр? Қазіргі қоғамда идеалды қазақ әйелдері деп кімдердің атын атай аламыз? «Сырты бүтін, іші түтін» шетелдік хас сұлуларды идеал тұтудың соңы не болмақ? Толғандырып жүрген сауалдармен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, дәстүрлі мәдениетті зерттеуші, 38 жыл ұстаздық қызмет еткен Нәсіпқаным Камалқызымен ой бөліскен едік. Ары қарай оқыңыз

Кері ағымдардан кедергі көп

Кері ағымдардан кедергі көп

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге ағылып келген өзге діндермен күрес қарқынды жүргізілсе, бертін келе ата-бабамыз ұстанып келе жатқан Ислам дінінің өзінен ішінара жік шығып, көптеген адамдар кері ағымдардың ықпалына түсіп жатты. Қоғамда экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары басталып кетті. Өз кезегінде, мемлекет болашағымыз үшін дінаралық, ұлтаралық бірлікті сақтау жолында барынша тиімді саясат жүргізіп келеді. Сонымен қатар, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында Қазақстан өзін зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алатыны айтылған. Осы орайда, облыс аумағында керағар ағымдармен күрес қалай жүргізіліп жатыр деген сауалға жауап іздеген едік.

Ары қарай оқыңыз