Қышыма — паразиттік терi ауруы

Қышыма — бұл  жұқпалы – паразиттік терi ауруы, оның қоздырғышы -қотыр кенесi.
Қотыр кенесi адамның терiсiне енгеннен кейiн жылдам көбейе бастайды, ол адам терiсiнде жұмыртқа салады, олардан 7 –10 күн өткен соң, ересек қотыр кенелер пайда болады. Санитарлық-гигиеналық тәртiптi сақтамаған жағдайда — ауруды қоғамдық моншалардан, душ қабылдайтын орындардан, жатақханалардан, қонақ үйлерден, жүргiншi поездарынан жұқтырып алуға болады.

     Аурудың өзiне тән белгiлерi — қолдың саусақтарының арасында, кеуде мен iштiң, санның, аяқтың терiсiнде  бөртпелердiң   пайда болуы.Анықтап қарайтын болсақ,терідегі бөртпелер жұптасып орналасады.Ол қышыма тудырушы аналық және аталық кенелердің бірге өмір сүріп, тіршілігін жалғастыруының бір белгісі болып табылады. Ары қарай оқыңыз