«Қазақстан» кинотеатры

«Жыры» бітпеген ғимараттар

Шымкент қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан, жүргізіледі деген де нысандар жетерлік. Соның бірі – «Қазақстан» кинотеатры мен бұрынғы Сәкен Сейфуллин атындағы «Халықтар достығы үйі» және Әл-Фараби алаңындағы «Шымкент Плазаның» құрылысы жөнінде кішігірім журналистік шолу жасаған болатынбыз.
Ең бірінші, «Қазақстан» кинотеатрына тоқталайық. Аталмыш кинотеатрды жыл соңында Оңтүстіктегі ұлттар мен ұлыстардың орталығына айналады деген жаңалықты өздеріңізге көктемде-ақ айтып, сүйінші сұрағанбыз. Барлық ұлттың әндері шырқалып, билері орындалады деп этномәдени орталықтың басшылары қатты қуанған. Ғимараттың облыс әкімдігінің «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесі деп аталатынын экс-әкім Асқар Мырзахметовтың өзі бекітіп берген. «Бұрынғы Халықтар Достығы үйіндегі этно-мәдени орталықтар биыл осында көшеді. Бұл біздің Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына деген тартуымыз болады» деген-тұғын. Орталық басшыларымен, сәулетші, құрылысшылармен бұрынғы кинотеатрға барып, қалай жөндеуге болатыны, қалай жаңартатынын ақылдасқан-ды… Ары қарай оқыңыз